Кәсіподаққа қосылыңыз!

Кәсіподаққа қосылыңыз!

Кәсіподақ деген не?

  • Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
  • Қызметкерлердің атқаратын жұмысына негізделіп, жалпы өндірістік, кәсіби мүдделеріне байланысты құрылатын бірлестік.
  • Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекке байланысты арақатынасын реттейтін заңды және тәуелсіз өкілі.

Кәсіподақ немен айналысады?

  • Жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізеді, жұмыскерлердің атынан жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер көзделген келісімдер мен ұжымдық шарттар жасап, олардың орындалуын қадағалайды.
  • Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайды.
  • Еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты қоғамдық бақылау жасайды.
  • Келісім және өндірістегі келеңсіз жағдайларды тексеру жөніндегі комиссиялар арқылы кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғайды.
  • Құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңестер береді.

Кәсіподаққа қалай кіруге болады?

  • Егер Сіздің жұмыс орыныңызда бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, кәсіподақ комитетіне кәсіподаққа мүшелікке қабылдау және мүшелік кәсіподақ жарнасын ұстау туралы өтініш жазу қажет. Мүшелікті дәлелдеу құжаты болып, кәсіподақ комитетімен берілетін кәсіподақ билеті табылады. Кәсіподаққа кірмес бұрын, Жарғымен және бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережемен танысуға құқығыңыз бар.
  • Егер Сіздің жұмыс орыныңызда кәсіподақ ұйымы болмаса, Сіз оны өз бетіңізбен құра аласыз.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы (одан әрі – БКҰ):

БКҰ – кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі.

БКҰ заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.

БКҰ құруға ұйым жұмыскерлері қатарынан кемінде үш адам өз еркін білдірсе жеткілікті.

БКҰ құру, оның қызметін тоқтату тәртібі, құқықтары мен міндеттері жергілікті немесе салалық кәсіподақ жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы қалай құруға болады?

  1. БКҰ бірінші ұйымдастырушылық жалпы жиналысын (конференциясын) өткізу (хаттама жобасы);
  2. БКҰ туралы Ережені бекіту (ереже жобасы);
  3. БКҰ мүшелікке кіру және кәсіподақ жарнасын төлеу туралы өтініштер (өтініштердің үлгілері).
  4. Жергілікті немесе салалық кәсіподаққа құрылымдық бөлімшесі ретінде кіру туралы өтінішпен жүгіну.

 

Әрқашан құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз!
Кәсіподаққа қатысты барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қазақстан, 010000, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Абай даңғылы, 38.
Байланыс мәліметтері: Тел.: 8(7172) 643481; 643482.
Электронды пошта: legaldep@fprk.kz