Басшылық

 


Сатыбалды Телағысұлы ДӘУЛЕТАЛИН
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы
Туған жылы: 07.05.1962
Туған жері: РКФСР; Оренбург облысы; Ақбұлақ ауданы; Ақ-Оба а.
Тіл білімі:

·      қазақ, орыс, ағылшын

Білімі, мамандығы:

·      Қазақ Политехникалық Институты (1984)

Инженер-механик

·      Дипломатиялық академия (2004)

·       Дж.Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында білім алды (2004)

Еңбек жолы:

·      Ақтөбе қаласы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының токарь шәкірті (1978);

·      Шымкент қаласы ұста-баспақ қондырғысын өндіретін өндірістік бірлестіктің бас конструкторы бөлімінің инженер-конструкторы, өндірістік оқыту шебері (09.1984-11.1986);

·     Әртүрлі жылдары Парламентте, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікте жұмыс істей жүріп, мемлекеттің заңнамалық базасының қалыптасуына, сондай-ақ ҚР мемлекеттік қызметтің құрылуы және реформалануына тікелей қатысты.

·     Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Ұйымдастыру, кадр жұмысы және активтері департаментінің директоры орынбасары  (01.07.2015-11.2015);

·      Кәсіподақтар федерациясы жүйесінің ұйымдарының жұмысшыларының «Ыңтымақ» жергілікті кәсіподағының төрағасы (11.2015-22.02.2016);

·      Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің директоры (22.02.2016-10.2019);

·      ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары (10.2019-06.05.2020)

.     ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасы (06.05.2020 ж. бастап)

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары:

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы;

«Ерен еңбегі үшін» медалі;

«Құрмет» ордені.

 

 


Мұхтар Бәкірұлы ТІНІКЕЕВ

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған жылы: 27.09.1963

Туған жері: Қарағанды қаласы

Тіл білімі: қазақ, орыс

Білімі, мамандығы: Қарағанды политехникалық институтын тау-кен құрылысшы-инженері мамандығы бойынша;

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген

Еңбек жолы:

  • 1980 – 1981 жылдар аралығында – «Қарағанды көмір» ӨБ № 22 шахтасында электр слесарь, Қарағанды қаласы;
  • 1983 – 1990 жылдар аралығында – «Қарағанды көмір» ӨБ «Киров» шахтасының № 4 аумағында тазалау кенішінің тау-кен жұмысшысы, Қарағанды қаласы;
  • 1990 – 1993 жылдар аралығында – Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің ХІІ шақырылымының халық депутаты;
  • 1994 – 1995 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХІІІ шақырылымының депутаты;
  • 2002 – 2016 жылдар аралығында – ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІ-VI шақырылымының депутаты.
  • 12.2017 жылы –  ҚРКФ Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Мемлекеттік марапаттары:

  • “Құрмет” ордені (2006);
  • “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық төсбелгісі.

Нұрлан Сүлейменұлы ӨТЕШОВ
ҚР Кәсіподақтар федерациясы  Төрағасының орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған жылы: 24.02.1977

Туған жері: Алматы қаласы

Тіл білімі: қазақ, орыс, ағылшын

Білімі, мамандығы:

Қазақ мемлекеттік заң университеті мен Ұлыбританияның “Кембридж университетін” “Мемлекеттік басқару” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • Қазақ мемлекеттік заң университетінің КТК команда капитаны (1996-1999);
  • “Қазақстан КТК Суперлигасы” ҚБ вице-президенті (1997-2000);
  • Қазақ мемлекеттік заң академиясының проректоры (2000-2002);
  • “Талапкер” жастар қозғалысының төрағасы (2001-2002);
  • “Жастар Таңдауы” жастар ұйымдары блоғының тең төрағасы (2002);
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 3-шақырылымдағы депутаттыққа үміткер (2004);
  • Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры (2002-2005);
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты жөніндегі департамент директоры (2005-2008);
  • “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы (2008-2012);
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитет төрағасының м.а., төрағасы (2012-2014);
  • Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері (2015);
  • “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” ҰАҚ басқарма төрағасы (2016);
  • ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының штаттан тыс кеңесшісі (23.09.2019);
  • ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы орынбасарының м.а. (14.10.2019);
  • ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы орынбасары (26.12.2019).

Мемлекеттік және халықаралық марапаттар:

  • «Дарын» мемлекеттік жастар премиясының лауреаты,
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі,
  • «10 жыл Астана» медалі,
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі,
  • Президент Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты
  • «Нұр Отан» партиясының Төрағасының Бірінші орынбасарының алғыс хаты

______________________________________________________________________________________________

 Гүлнар Амангелдіқызы ЖҰМАГЕЛДИЕВА

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған жылы: 15.04.1974

Туған жері: Қарағанды қаласы

Тіл білімі: қазақ, орыс

Білімі, мамандығы: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

“Заңгер” мамандығы бойынша

Еңбек жолы:

  • «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК заңгері (1996-1999);
  • «Банк ТуранАлем» АҚ Қарағанды филиалының кепілдегі жылжымайтын мүлікті жүргізу жөніндегі маман (1999-2000);
  • Қарағанды облысы тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағының заңгері (2000-2004);
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ Астана филиалының заң бөлімінің жетекші маманы
  • Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заңгері (2006-2008);
  • ҚРКФ Әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің директоры (2008-2010);
  • ҚРКФ төрағасының орынбасары (2010-12.2017);
  • ҚРКФ төрағасының кеңесшісі (12.2017);
  • ҚРКФ Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрайымы

Мемлекеттік және халықаралық марапаттар:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі,
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі,
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі,
  • «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» ҚРКФ медалі (08.2019)