Жарғы

2018 жылғы 03 қазаны
кәсіподақтар Федерациясының
кезектен тыс XXV съезінде өзгерістер
мен толықтырулар енгізіліп,
жаңа редакцияда бекітілді

 

 

 

«Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы»
Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ

 

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлесігі (бұдан әрі – Федерация) салалық кәсіптік одақтармен өзге ұйымдық-құқықтық формада нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Салалық кәсіптік одақтарды (бұдан әрі – салалық кәсіподақтар), аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейіндегі) кәсіподақтардың бірлестіктерін біріктіреді.

 

  1. Федерация республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады, және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормаларына, осы Жарғыға сәйкес жұмыс істейді.

 

  1. Федерация өз қызметін өзіне мүше ұйымдардың ұстанымы және тілегіне сәйкес мынандай принциптер негізінде дамытады:
  • Федерацияға кірудің және одан шығудың еріктілігі;
  • қызметтегі дербестік, мүшелердің тең құқылығы, әріптестік, диалог және ынтымақтастық;
  • Федерацияның басшылық органдарының жұмысындағы алқалылық, сайланбалылық, жариялылық;
  • әрбір мүше ұйымдардың пікірін, өз көзқарастарын қорғау және түсіндіру құқықтарын құрметтеу;
  • ортақ міндеттерді іске асыруда мүше ұйымдардың татулығы, қолдауы және өзара көмегі;
  • Федерация Жарлығын мүшелік ұйымдардың мойындауы және шүбәсіз орындауы.

 

Федерация өз қызметінде мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден және олардың бірлестіктерінен, саяси партиялардан және басқа қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз, оларға есеп бермейді және олардың бақылауында болмайды.

 

  1. Федерация басқа мемлекеттердің кәсіподақтарымен ынтымақтастық жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктерге мүше бола алады.

 

  1. Федерация кәсіподақ мүшелерінің (жұмыскерлердің) еңбек, әлеументтік-экономикалық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауда Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен, жұмыс берушілер бірлестіктерімен, саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

 

  1. Федерация өз мүшелік ұйымдарының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал мүшелік ұйымдар Федерацияның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.

 

  1. Федерация Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қорғауға және басқа да құқықтар мен заңды мүдделерді қанағаттандыруға бағытталған ынтымақтастық қорларын, қайырымдылық және басқа да қорлар құруға құқылы.

 

  1. Федерация өзінің атауымен мөртаңбасы, мөртабаны, банктік есеп шоты, бейнелемесі мен атрибутикасы бар.

 

  1. Федерация құрмет грамоталарын, ерекшелік белгілерін, медальдерін және өзге де наградаларын тағайындайды және табыстайды.
  2. Федерацияның толық ресми атауы:

– мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі;

– орыс тілінде – Республиканское объединение профсоюзов «Федерация профсоюзов Республики Казахстан»;

– ағылшын тілінде – Republican Trade Union Association
«Federation of Trade Unions of the Republic of Kazakhstan».

Қысқартылған атауы:

– мемлекеттік тілде – «ҚРКФ» РКБ;

– орыс тілінде –РОП «ФПРК»;

– ағылшын тілінде – RTUA «FTURK».

  1. Федерацияның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, 38.

 

ІІ. КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНАСЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

  1. Федерация қызметінің нысанасы кәсіподақ мүшелерінің, мүше ұйымдарының құқықтарын қорғау бойынша міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ осы Жарғыда белгіленген мақсаттарға жету үшін басқа да ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру болып табылады.
  2. Федерация кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға және өкілеттік етуге, кәсіподақтар қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамассыз етуге жәрдемдесу үшін, мүшелік ұйымдардың әрекеттерін біріктіру және үйлестіру мақсатында құрылған.
  3. Өзінің мақсаттарына қол жеткізу үшін Федерация мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
  • Федерацияның негізгі қызмет бағыттары мен стратегиясын әзірлейді және айқындайды;
  • Федерацияның құрамындағы мүшелік ұйымдардың қызметін біріктіреді, үйлестіреді және бағыттайды;
  • өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді және қорғайды сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтар мен одақтар), және басқа қоғамдық бірлестіктермен өзара іс қимылдарында, өзінің өкілеттігі шеңберінде, жұмыскерлердің мүдделерін білдіреді;
  • әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға барлық деңгейде қатысады және ықпалдасады;
  • әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық үш тарапты комиссияның жұмысына қатысады;
  • жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен Бас келісімді (одан әрі – Бас келісім) жасасуда әлеуметтік әріптестіктің тарабы болып табылады, Бас келісім жобасын әзірлеу және жасасу бойынша келіссөздерге қатысады және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық атілерінің әзірлеуіне бастамашылық етеді және қатысады;
  • еңбек заңнамасының сақталуына және әлеуметтік-еңбек қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаларын жүзеге асуына қоғамдық бақылауды жүргізеді;
  • жұмыспен қамтуды, еңбекті және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды, адамның лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысады;
  • жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысы бар заңдар жобаларының, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер жобаларының концепциясына сараптама жүргізеді;
  • заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламент және жергілікті өкілдік органдар депутаттарының сайлауына қатысады;
  • кәсіподақтар мүшелері және олардың отбасының сауықтыру шараларын ұйымдастыруды және өткізуді, санаторлық-курорттық емдеу балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру, туризм, демалыс, мәдениет, жаппай дене шынықтыру және спорт дамуы бойынша мемлекеттік билік органдарымен, жұмыс берушілермен бірлесіп іс шаралар жүргізеді;
  • жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы шетелдік, халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен және басқа да халықаралық ұйымдармен өзінің мүшелік ұйымдарының жұмысын жолға қоюға ынтымақтасады және үйлестіреді;
  • Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары, азаматтық құқықтар, әлеуметтік-экономикалық және басқа мәселелер бойынша халықаралық шарттардың, конвенциялардың ратификациялауына және жүзеге асыруына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормаларын заңнамалық бекітілуі мен жүзеге асыруына күш салады;
  • ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары және заңды мүдделерін қорғаудың басқа да тәсілдерін пайдаланады, мүшелік ұйымдардың ұжымдық іс-қимылдарын үйлестіреді және бағыттайды;
  • мүшелік ұйымдарға құқықтық көмек көрсетеді сонымен қатар медиация сұрақтары бойынша жәрдемдеседі;
  • кәсіподақтар кадрларын және активін дайындауды, қайта дайындауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, кәсіподақтар мүшелерінің құқықтық және кәсіптік оқуына жәрдемдеседі;
  • ақпараттық-насихаттық, мәдени-ағарту және баспа қызметін жүзеге асырады;
  • кәсіподақтардың, олардың бірлестіктерінің, сайланбалы кәсіподақ қызметкерлерінің құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға жәрдемдеседі;
  • кәсіподақтың тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;
  • кәсіподақтың аумақтық бірлестіктерінің жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, жұмыс берушілер бірлетіктерімен, саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнатуға және бекітуге жәрдемдеседі;
  • Федерацияға кіретін кәсіподақтардың бірыңғай кадр және қаржылық саясат жүргізуін қамтамасыз етеді;
  • кәсіподақтардың жұмыс оңды тәжірибесін зерделейді және таратады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметті жүзеге асырады.

 

ІІІ. ФЕДЕРАЦИЯНЫҢ МҮШЕЛІК ҰЙЫМДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Осы Жарғыны танитын және орындайтын салалық кәсіподақтар, аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейіндегі) кәсіподақтардың бірлестіктері Федерацияның мүшелік ұйымы болады.

Федерацияның мүшелік ұйымдарының Жарғылары  Федерация Жарғысының ережелеріне сәйкес келу қажет.

  1. Федерацияның мүшелік ұйымдары заңды тұлға ретіндегі өзінің дербестігі мен құқықтарын сақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес іс-қимыл жасайды.
  2. Федерацияға жаңа мүше ұйымдарды қабылдау осы Жарғыға сәйкес мүше ұйымның шешімі мен жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
  3. Федерацияға жана мүшелік ұйымдарды қабылдау Федерацияның Атқару комитетіне (одан әрі − Атқару комитеті) келесі құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асады:
  • Федерацияға кіру туралы ұйымның шешімі және Бас Кеңеске жазбаша өтінішін;
  • құрылтай құжаттарын (заңды тұлғаның жарғысы, тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);
  • ұйымның мүше саны туралы ақпарат;
  • Федерация Жарғысын орындайтындығы, мүшелік ұйымдармен мүшелік жарналарды Федерация Жарғысымен белгіленген мүшелік жарналарды төлеу және аудару тәртібіне сәйкес төлеу туралы міндеттемесін табыс етеді.

 

  1. Федерацияға мүшелік мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:
  • Федерациядан шығатыны туралы мүшелік ұйымның өкілетті органының шешімі бойынша;
  • мүшелік ұйым тараған және қайта құрылған жағдайда;
  • Федерациясының құрамынан мүшелік ұйымды шығарған жағдайда.
  1. Мүшелік ұйымның өкілетті органы Федерация құрамынан шығу туралы шешім қабылдаған жағдайда, ол Федерацияның Бас Кеңесіне (одан әрі – Бас Кеңес) өтініш берген сәттен бастап үш ай мерзім өткеннен кейін Федерациядан шығарылды деп саналады. Федерациядан шығу туралы шешім мүшелік ұйымның өтініші негізінде үш ай мерзім ішінде Атқару комитетінің ұсынысы бойынша Бас Кеңестің шешімімен қабылданады.

Көрсетілген мерзім өткенге дейін осы Жарғыға сәйкес мүшелік ұйым  өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды жалғастыра береді.

  1. Мүшелік ұйымы таратылған немесе қайта құрылған жағдайда ол Федерацияның Атқару комитетіне өз қызметін тоқтату (тарату немесе қайта құру) туралы хабарлама берген сәттен бастап Федерациядағы өзінің мүшелігін жоғалтқан болып есептеледі.
  2. Мүшелік ұйымды Федерациядан шығару туралы шешімді Атқару комитетінің ұсынысы бойынша Бас Кеңес қабылдайды.
  3. Мүшелік ұйымды Федерациядан шығару туралы сұрақты қарастырудың негіздері:
  • Федерацияның органдарының шешімдерін орындамау немесе тиісті түрде орындамау;
  • Федерацияның және оның мүшелік ұйымдарының мүдделеріне және мақсаттарына қайшы келетін іс-әрекеттер жасау;
  • мүшелік жарналарды дәлелсіз себеппен уақытылы және толық көлемде аудармау болып табылады.
  1. Мүшелік ұйым дәлелсіз себеппен үш ай қатарынан Федерацияға мүшелік жарнаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, Атқару комитеті мүшелік ұйымның өкілдерінің Бас Кеңесте немесе Атқару комитетінде алты айға дейінгі мерзімге дауыс беру құқығынан айыруға, сондай-ақ Атқару комитетінің құрамынан шығару туралы сұрақты Бас Кеңестің қарауына тиісті ұсыныс жасауға құқылы.

Егер мүшелік ұйым белгіленген мерзім ішінде көрсетілген кемшіліктерді жоймаған және қарыздарды өтемеген жағдайларда, мүшелік ұйымды Федерациядан шығару туралы мәселені Атқару комитеті Бас Кеңестің қарауына ұсынады.

Ақпарат мүше ұйымның назарына жеткізіледі және бұқаралық баспа құралдарында жарияланады.

Федерациядан шығару туралы мәселені қарауға негіз болған кемшіліктерді мүшелік ұйым Атқару комитеті белгілеген мерзімі ішінде жоймаған жағдайда, Атқару комитеті мүшелік ұйымды Федерациядан шығару және басқа да іс әрекеттер қабылдау туралы Бас кеңестің қарауына ұсынады.

Мүшелік ұйым кемшіліктерді жойған жағдайда Атқару комитеті оның Бас Кеңесте және Атқару комитетінде дауыс беру құқығын қалпына келтіру туралы сұрағын, сондай-ақ оның өкілінің Атқару комитетінде қатысуы туралы кейін Бас Кеңеспен бекітілуін қарастырады.

  1. Федерацияға мүшелігін тоқтатқан мүшелік ұйымдары Федерация меңшігіне, сондай-ақ Федерацияға төлеген мүшелік жарналарына және өздері берген мүлікке құқықтары болмайды.

Егер Федерациядағы мүшелігін тоқтатқан мүшелік ұйым құрылтайшы болса ол құрылтайшылардың құрамынан шығарылады.

  1. Федерацияның мүшелік ұйымдары:
  • осы Жарғыға сәйкес өз ұйымдарын және кәсіподақ мүшелерін Федерация органдарында өкілдік етуге, осы органдарға өз өкілдерін жіберуге, сайлауға, оларды кері шақырып алуға және ауыстыруға;
  • жұмыскерлердің және кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарына қатысты заңдардың және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына Федерация ұсыныстарының әзірлеуіне қатысуға;
  • Бас келісім жасау және қол қою бойынша Федерацияның қызметіне ұсыныстар енгізуге және қатысуға;
  • кәсіподақ қызметінің жарғылық мәселелері бойынша Федерация органдарына жүгінуге және тиісті ақпарат, консультация және көмек алуға, мемлекеттік органдарда өз құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғауға;
  • шетелдік және халықаралық кәсіподақ бірлестіктерімен, Халықаралық Еңбек Ұйымымен байланыстарды жүзеге асыруда Федерация органдарының жәрдемін алуға;
  • Федерацияның түрлі бағдарламаларын әзірлеуге және Федерация қорларын құруға қатысуға;
  • Кәсіподақтар ұйымын және кәсіподақ мүшелерін құрмет грамоталармен, ерекшелік белгілермен, медальдармен және басқа да наградалармен марапаттау туралы Федерацияға өтініш жасау, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы өтініш жасауды сұрауға;
  • Федерация съезінің, Бас кеңестің және Атқару комитетінің қарауына күн тәртібіне және құжаттар жобаларына ұсыныс енгізуге және олардың қаралу нәтижелеріне қатысты ақпарат алуға;
  • кәсіподақ кадрлары мен активтерін оқыту, ақпаратты алу және тарату үшін Федерацияның мүмкіндіктерін пайдалануға;
  • Федерацияның бейнелемесін бекітілген Ережеге сай қолдануға құқылы.
  1. Федерацияның мүшелік ұйымдары:
  • Федерацияның Жарғысын, ішкі кәсіподақ тәртібін сақтауға, Федерация органдарының шешімдерін орындауға және олардың орындалуына жауапты болуға;
  • Федерацияның қызметіне қолдау көрсетуге және оның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға белсене қатысуға, Федерацияға мүшлік ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда ынтымақтастық танытуға;
  • Федерацияға төленетін мүшелік жарналарды белгіленген тәртіпте, мерзімінде және мөлшерде төлеуге;
  • кәсіподақтардың тұтастығы мен бірлігіне, Федерацияның және оның мүшелік ұйымдарының қызметіне зиян келтіретін, заңды мүдделеріне қысым жасайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;
  • кәсіподаққа мүшелікті өзара мойындауға, Федерацияның мүшелік ұйымдары алдын ала өзара келіспей бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, жергілікті кәсіподақтардың Федерацияның мүшелік ұйымынын бірінен басқасына өтуінен аулақ болуға;
  • кәсіподақ мүшелерінің саны және кәсіподақ қызметі туралы статистикалық мәліметтерді, Федерацияның органдары бекіткен көлем мен тәртіпте Федерацияға төленетін мүшелік және өзге жарналарды есептеу мен төлеуге байланысты қаржылық есепті ұсынуға;
  • Федерацияның бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларын жыл сайын жариялауға;
  • өзінің жарғыларына және басшы кадрлар құрамына еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы, республикалық маңызы бар қабылданатын шешімдері мен әрекеттері туралы ақпаратты он жұмыс күннен кем емес мерзімде Федерацияға хабарлауға;
  • Федерация органдары ұсынған мәселелерді алқалық органдарда қарауға және олардың қаралуы туралы ақпарат беруге;
  • Бас келісімнің жасалуына және орындалуына жәрдемдесуге;
  • Федерацияның ортақ іс-шараларын және кәсіподақтардың ұжымдық іс-әрекеттерін, ұйымдастыруына және жүргізуіне ынтымақтастық танытуға және оған қатысуға;
  • Федерациямен құрылған бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымдастырушылық және басқа да қолдау көрсетуге;
  • өз қызметі туралы Федерацияға ақпарат беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлауға қатысу, саяси партиялармен және қозғалыстармен шарттар мен келісімдер жасасу, халықаралық кәсіподақ бірлестіктеріне кіру және одан шығу туралы Федерацияға хабарлауға міндетті.
  1. Мүшелік ұйым міндеттерін орындамаған жағдайда Атқару комитеті мүшелік ұйымға бұзушылықтарды жою туралы тиісті ұсыныс енгізуге құқығы бар.

Мүшелік ұйымның өкілетті органы ұсынысты қарауға және бір ай мерзімінде Атқару комитетіне қарастырылу нәтижелерін жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

 

ІV. САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

  1. Федерацияның мүшелік ұйымдары болып танылатын салалық кәсіптік одақтар және аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейіндегі) кәсіподақтардың бірлестіктері осы Жарғының шеңберінде өздерінің тәжірибелік қызметінде келесі өзара тығыз әрекетте болады:
  • кәсіподақ кадрларын іріктеу мен оқыту, олардың резервін жасақтау жөнінде бірлесіп жұмыс жүргізеді;
  • Федерация Съездеріне делегаттарды, кәсіподақ органдарының басшы лауазымдарына сайлау үшін кандидатураларды өзара келіседі;
  • кәсіподақтың бастауыш ұйымдарына, жергілікті кәсіподақтарға ұжымдық келіссөздер жүргізуде, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуда туындаған еңбек дауларын шешуде жәрдем көрсетеді;
  • кәсіподақтың бастауыш ұйымдарына, жергілікті кәсіподақтарға бірлесіп тәжірибелік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және құқықтық көмек көрсетеді;
  • тиісті аумақта консультациялық-кеңесші органдардың құруына шаралар қабылдайды, қорлардың құрылуына қатысады;
  • аймақтық мәселелерді бірлесіп және келісіп шешу, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті жолға қою, кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақтар мүшелерін әлеуметтік қорғау мен өзара қолдау үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында қалалар мен аудандарда жергілікті кәсіподақ филиалдарының және өкілдіктерінің өкілдерінен кәсіподақтардың аумақтық бірлестігін құруға ықпал етеді;
  • бастауыш ұйым құруға, кәсіподақ ықпалын нығайтуға және сала мен аймақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыруға, Федерация органдарының шешімдерін орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
  • кәсіптік одақтардың және олардың мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда бірлескен акциялар өткізеді;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес басқа да бірлескен шараларды жүзеге асырады.

 

  1. ФЕДЕРАЦИЯ ОРГАНДАРЫ
  2. Федерация Съезі Федерацияның жоғары органы болып табылады (бұдан әрі − Съез).

Бас Кеңес Федерацияның басшылық органы болып табылады.

Атқару комитеті алқалық атқару органы болып табылады.

Федерация төрағасы атқарушылық-басқарушылық функцияларын іске асырады.

Федерациясының Тексеру Комиссиясы Федерацияның негізгі бақылау-тексеру органы болып табылады.

  1. Съез Бас Кеңеспен кемінде бес жылда бір рет шақырылады. Съезді шақыру мен оның болжамды күн тәртібі туралы Съезге екі ай қалғанға дейін хабарланады.

Съезге делегаттардың өкілдік нормасын Федерацияның Бас Кеңесі белгілейді.

  1. Съез:
  • Федерация қызметінің стратегиясын айқындайды;
  • Федерацияның Жарғысын, Федерацияның Тексеру комиссиясы туралы Ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды еңгізуді бекітеді. Съезд осы құқықты Бас Кеңеске арнайы ресімделген өкілеттілік бойынша табыстауға құқылы;
  • Федерация төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;
  • Бас Кеңесті құрайды;
  • Федерацияның Тексеру комиссиясын сайлайды;
  • аса маңызды еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер, қарарлар, мәлімдемелер, үндеулер қабылдайды;
  • Федерацияның органдарының құзыреттерін, ұйымдық құрылымын, өкілеттіктерінің қалыптасу мен тоқтатылу тәртібін белгілейді;
  • осы Жарғыны қолдану мәселелері бойынша апелляцияларды қарайды;
  • Федерацияның Бас Кеңесінің және Федерацияның Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептерді тыңдайды;
  • Федерацияны қайта ұйымдастыру, қызметін тоқтату және оны тарату туралы шешімдер қабылдайды.
  1. Егер Федерацияға мүше ұйымдардың кемінде үштен екісі болса және олардан сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, Съез құқылы деп есептеледі.

Дауыс беруге қатысқан делегаттар дауысының жартысынан қөбі берілсе, Съездің шешімдері қабылданды деп есептелінеді. Съезд шешімдерін қабылдаған кезде дауыс берудің тәртібін делегаттар айқындайды.

  1. Федерацияның кезектен тыс Съездерін Федерацияның Бас Кеңесі шақырады немесе Федерацияның мүшелік ұйымдардың кемінде үштен бірі өкілетті органдардың талабы бойынша шақырады. Кезектен тыс Съезд шақыру туралы шешім және оның болжамды күн тәртібі бір ай бұрын хабарланады.
  2. Бас Кеңестің құрамы Федерацияның мүшелік ұйымдарынан тікелей өкілеттіктер табыстау принципі бойынша бекітіледі.

Бас Кеңес өз қызметі туралы Съезд алдында есеп береді. Бас Кеңесті Федерацияның Төрағасы басқарады.

  1. Бас Кеңес Федерацияның Съезінде бекітіледі. Бас Кеңестің құрамына тікелей өкілеттіктер табыстау принципіне және өкілетті органдарының шешіміне сәйкес Федерацияның барлық мүшелік ұйымдарының басшылары, сондай-ақ 30 мыңнан асатын кәсіподақ мүшесі бар салалық кәсіптік одақтардан 1 өкілден, 30 мыңнан 200 мыңға дейін мүшесі бар салалық кәсіподақтардан 2 өкілден, 200 мың және одан астам мүшесі бар салалық кәсіподақтардан 3 өкілден кіреді.

Бас Кеңеске сонымен қатар лауазым бойынша Федерация төрағасының орынбасарлары, кәсіподақтар Федерациясының әйелдер істері жөніндегі Комиссиясының төрағасы, кәсіподақтар Федерациясының жастар Кеңесінің төрағасы кіреді.

  1. Съездер аралығындағы кезенде Бас Кеңестің мүшесін алмастыру туралы шешім (тікелей өкілеттіктер табыстау бойынша) мүшелік ұйымдардың және (лауазымы бойынша кіретін тұлғалар бойынша) Федерация төрағасының ұсынысы негізінде Бас Кеңеспен қабылданады.
  2. Бас Кеңестің жұмысына оның шешімі бойынша, Федерация төрағасының ұсынысы негізінде басқа да қоғамдық ұйымдардың, өкілді органдардың және әлеуметтік әріптестердің өкілдері кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
  3. Мүшелік ұйым осы Жарғыға сәйкес Федерациядағы өз мүшелігін тоқтатқан жағдайда оның өкілдері Бас Кеңестің құрамынан шығарылады.
  4. Бас Кеңес қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырылады және егер оған Бас Кеңестің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, ол құқылы деп есептеледі.
  5. Бас Кеңестің шешімдері, егер Жарғыда өзгеше көзделмесе, отырысқа қатысқан мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және қаулымен рәсімделеді.

Бас Кеңестің шешімдері қажет болған жағдайда Атқару комитеті шешімінің негізінде сұрау арқылы қабылданады. Бас Кеңестің сұрауға алған мүшелерінің пікірлері жазбаша нысанда беріледі.

  1. Бас Кеңес:
  • осы Жарғыда белгіленген Федерацияның мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;
  • Съездердің шешімдері мен жарғылық міндеттерді орындау, кәсіподақтар мүшелері мен мүшелік ұйымдардың еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Федерация қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді;
  • Федерацияның активтерін бақару бойынша өкілетті ұйымның есебін тыңдайды және бекітеді;
  • Федерацияның мүшелік ұйымдарымен жарналарды төлеу мен аударудың бірегей тәртібін белгілейді;
  • Федерацияның меншігін иелену, пайдалану және оған иелік ету тәртібін белгілейді;
  • Федерацияға мүшелік жарналар есептеуге және төлеуге байланысты қаржылық есептілік көрсеткіштер тізбесін айқындайды;
  • мүшелік ұйымдармен Федерацияға ұсынылатын статистикалық деректер тізбесін айқындайды;
  • Жарғыны және Федерация органдарының шешімдерін орындалуы, сондай-ақ олардың қызметі туралы Федерация және мүшелік ұйымдар басшыларының есептерін тыңдайды;
  • Федерация Съезіндегі өкілдердің қатысу нормаларын бекітеді;
  • Федерация Жарғысын және Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Съезге ұсыныстар жасайды;
  • Федерацияның төрағасы лауазымына кандидатураларды ұсыну тәртібін айқындайды;
  • Съездер аралығындағы кезеңде Федерацияның төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;
  • Атқару комитетінің ұсынысы негізінде, Федерацияға жаңа мүшелер қабылдау немесе мүше ұйымдарды одан шығару туралы шешім қабылдайды;
  • Федерацияда есеп беру-сайлау науқанын өткізу туралы шешім қабылдайды;
  • Бас Кеңестің жұмыс тәртібін бекітеді;
  • бейнелемесі туралы ережені бекітеді;
  • Съезге өзінің жұмысы туралы есеп береді;
  • Федерацияның мүшелік ұйымдары мен Съезі берген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
  1. Бас Кеңес өзінің отырыстарының арасындағы жұмысқа басшылық жасау үшін Федерация Төрағасының ұсынысы бойынша Атқару комитетін сайлайды. Федерация төрағасы Атқару комитетін басқарады.
  2. Атқару комитеті Бас Кеңеске есеп береді. Бас Кеңес өз шешімімен Атқару комитетіне жеке өкілеттіктерді табыстай алады.
  3. Атқару комитетінің құрамына:
  • лауазымы бойынша Федерация төрағасының орынбасарлары кіреді, бірақ олардың саны Атқару комитетіндегі жалпы мүшелердің санының үштен бірінен аспауы тиіс;
  • Федерация Төрағасының ұсынысы бойынша Федерацияға мүшелік ұйымдардың басшылары кіреді.
  1. Осы Жарғыға сәйкес Федерациядағы мүшелігін тоқтатқан мүшелік ұйымның басшысы – Атқару комитетінің мүшесі Атқару комитетіндегі мүшелігін тоқтатады.
  2. Атқару комитеті:
  • Съездің және Бас Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
  • Федерацияға мүше ұйымдардың заңды мүдделерін негізге ала отырып, Федерацияның Бас келісімге жасаған ұсыныстарын қарастырады және қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге қатысты ұсыныстарды қарастырады және үйлестіреді;
  • Федерацияның халықаралық жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды; Федерацияның халықаралық кәсіподақ бірлестіктеріне мүшелігі туралы шешім қабылдайды;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіподақтардың бұқаралық акцияларын, оның ішінде жиналыстар, митингілер, көше шерулері, демонстрациялар, тосқауылдар және басқа ұжымдық іс-қимылдар, ереуілдер өткізу туралы шешім қабылдайды;
  • Федерацияға жаңа мүшелерді қабылдау мен олардың шығуын қарастырып Бас Кеңеске ұсыныс еңгізеді;
  • Федерацияға мүшелік ұйымдардың арасындағы дауларды шешуге жәрдемдеседі;
  • мүшелік ұйымдардың, олардың органдарының Федерация Жарғысына, Бас Кеңестің және кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің қаулыларына қайшы келетін шешімдері мен іс-әрекетін күшін жою және (немесе) тоқтата тұру туралы мүшелік ұйымның өкілетті органына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы Жарғыда белгіленген міндеттерді мүшелік ұйымның орындамауы туралы ұсыныс жасау;
  • Жарғы және Атқару комитетінің шешімдерінің орындауы туралы Федерация басшылары мен мүшелік ұйымдардың ақпараттарын қарастырады, мүшелік ұйымдар мен кәсіподақ мүшелеріне өз қызметі туралы хабарлап отырады;
  • Федерация төрағасының ұсынысы бойынша Федерацияның құрылымын, штат кестесін бекітеді, Федерацияның кірістері мен шығыстарының сметасын бекітеді;
  • Федерацияның жыл сайынғы қаржылық шаруашылық тексерісін бекіту туралы шешім қабылдайды;
  • Федерация мүлкіне иелік ету, пайдалану, иелену тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;
  • Бас Кеңесті шақырады, күн тәртібінің жобасын және оны өткізетін жерді белгілейді;
  • Федерация төрағасының ұсынуы бойынша, кейінгі Бас Кеңестің бекітуімен, Федерация төрағасының орынбасарлары мен кәсіподақтардың аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) бірлестіктерінің басшыларын сайлайды және қызметтен босатады;
  • кәсіподақ қызметкерлерінің және белсенді қатысушыларды мемлекеттік және басқа наградалармен марапаттау туралы белгіленген тәртіппен өтініш-тілек білдіреді, кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерін Федерацияның наградаларымен марапаттайды;
  • Федерацияның филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы, Федерацияның басқа заңды тұлғаларды ұйымдастыруы немесе жұмысына қатысуы туралы шешім қабылдайды;
  • Федерацияның Бас Кеңесі белгіленген тәртіппен берген басқа да функцияларды орындайды.
  1. Атқару комитеті өз шешімімен жеке өкілеттіктерін Федерация төрағасына табыстауға құқылы.
  2. Атқару комитетінің отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет шақырылады. Атқару комитеті, егер отырыстарына оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, қаулы қабылдауға құқығы болады.
  3. Атқару комитетінің шешімдері, егер Жарғыда өзгеше көзделмесе, оның отырысына қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Қажет болған жағдайда Атқару комитетінің шешімдері сұрау арқылы қабылданады. Атқару комитеті мүшелерінің пікірлері жазбаша түрде баяндалады.

  1. Федерация төрағасы:
  • Жарғының, съезд, Бас Кеңес, Атқару комитеті шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және съезге есеп береді, ал съездер аралығындағы кезеңде – Бас Кеңеске есеп береді;
  • Федерацияның Бас Кеңесіне, Атқару комитетіне басшылық жасайды;
  • Федерация міндеттерін шешуде мүшелік ұйымдарды біріктіреді және қызметін үйлестіреді, кәсіподақтардың республикалық шараларын өткізеді; өз қызметі туралы мүшелік ұйымдар мен кәсіподақ мүшелерін үнемі хабардар етіп отырады;
  • мүше ұйымдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, жұмыс берушілердің бірлестіктерінде, қоғамдық бірлестіктерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда Федерацияның атынан өкілдік етеді және заңды мүдделерін қорғайды; Атқару комитетіне кейн хабарлаумен, Федерация мүшелерімен келісім бойынша кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің бірлестіктерімен, мемлекеттік органдармен, халықаралық және басқа да ұйымдармен келісімдер жасайды;
  • қажет жағдайларда мәлімдеме жасайды, Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының атынан үндеулер және өтініш-тілектер жолдайды;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттық топтарымен, фракцияларымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Мүшелік ұйымдар басшыларының келісімі бойынша үкіметтік, ведомстволық комиссияларда және жұмыс топтарындағы Федерацияның өкілетті өкілдерінің құрамын бекітеді; Федерацияның комиссияларын және басқа тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын құрады, оларға өкілеттіктер береді, олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді;
  • Бас Кеңес, Атқару комитеті белгілеген шекте Федерацияның мүлкі мен ақшасына иелік етеді, азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасады;
  • Федерация төрағасының орынбасарларын, сондай-ақ бір мезгілде салалық кәсіпорындарының басшылары болып тұрғанды Федерация төрағасының орынбасарларына сайлау және қызметтен босату туралы Атқару комитетіне ұсыныстар енгізеді;
  • кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту жөніндегі жұмысты, Федерация баспа органының жұмысын ұйымдастырады;
  • Федерацияға мүшелік ұйымдар басшыларының сайланбалы лауазымдарына кандидатураларды ұсынуға құқылы; Жарғыны бұзғаны үшін кәсіподақтардың өкілетті органдарына олардың лауазымды тұлғаларын жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Федерация төрағасы мен төрағаның орынбасарларының арасындағы өкілеттіктер мен міндеттердің бөліп берді; Федерация аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелердің басшыларын тағайындайды, олардың функцияларын белгілейді, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен босатуды, оларды моральдық және материалдық көтермелеу шараларын жүзеге асырады;
  • Федерацияның қызметі бойынша өкімдер шығарады; Федерация атынан сенімхаттарды береді және оларды Федерация төрағасы орынбасарларымен беру тәртібін белгілейді;
  • оған Бас Кеңес және Атқару комитеті берген өзге де функцияларды орындайды.
  1. Федерация төрағасы осы Жарғыға сәйкес бес жыл мерзімге сайланады. Бір тұлға Федерация төрағасы лауазымына қатарынан екі мерзімге сайлана алмайды.

Жасы 65 (алпыс бестен) аспаған, Қазақстан Республикасының азаматы Төраға болып сайлана алады.

  1. Федерация төрағасы және оның орынбасарлары лауазымдары бойынша Федерация съезінің делегаттары, Бас Кеңестің және Атқару комитетінің мүшелері болып табылады.

Бір мезгілде салалық кәсіподақтың басшысы қызметін атқаратын төрағасының орынбасары Федерацияның мүшелік ұйымның атынан ғана Федерация съезінің делегаты, Бас Кеңестің немесе Атқару комитетінің мүшесі болып сайлана алады.

Федерация төрағасы орнында болмаған кезде оның тапсыруы бойынша отырыстарды Федерация төрағасының орынбасары жүргізеді.

  1. Съездер аралығындағы кезеңде Федерация төрағасын өзінің бастамасы бойынша өкілеттігін доғарған, сондай-ақ Жарғыға қайшы келетін іс-қимылы болған жағдайларда қызметінен босату туралы шешімді Бас Кеңес қабылдайды.

Федерация төрағасын қызметінен босату және сайлау туралы Бас Кеңесінің шешімі, егер Бас Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

  1. Федерацияның Тексеру комиссиясы Федерацияның қаржы-шаруашылық қызметіне, мүшелік жарналардың есептелуі мен түсуіне, ақшаның дұрыс жұмсалуына, кәсіподақтар Федерациясы мүлкінің пайдаланылуына және Федерацияның сайланбалы органдарының шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын негізгі бақылау – тексеру органы болып табылады.
  2. Федерацияның Тексеру комиссиясы Федерацияның мүшелік ұйымдардың өкілдерінен Съезде сайланады, өз қызметінде Съезд бекітетін Тексеру комиссиясы туралы ережені басшылыққа алады.
  3. Тексеру комиссиясының төрағасы Тексеру комиссиясының отырысында көпшілік дауыспен сайланады, лауазымы бойынша Федерация Съезіне делегат болып табылады, Бас Кеңестің және Атқару комитетінің жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.

 

  1. КӘСІПОДАҚ МҮЛКІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІ, КӘСІПОДАҚТЫҢ МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
  2. Федерация:
  • Жалпыға бірдей Кәсіподақтар Конфедерациясы Атқару комитетінің «Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының Кеңесіне кәсіподақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын бекітіп беру туралы» 1992 жылғы 22 қыркүйектегі №2-146 Қаулысына сәйкес Қазақ Республикалық кәсіподақтар кеңесінен (Қазкәсіподақ кеңесінен) құқықтық мұрагерлік тәртібімен алған мүліктің;
  • кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістің;
  • заңнамада тыйым салынбаған көздерден құралған мүліктің иесі болып табылады.
  1. Федерация өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.
  2. Федерацияның дербес балансы, банктік, соның ішінде валюталық шоттары болады.
  3. Федерация мүлкінің құралу көзі:
  • заңнамаға сәйкес ақшадан және өзге де нысандағы Федерация мүлкі;
  • мүшелік ұйымдардан түскен түсім, оның ішінде кәсіподаққа мүшелік жарналар;
  • акциялар, үлестер, облигациялар, басқа да құнды қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивиденттер (табыстар, сыйақылар);
  • ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
  • заңнамада белгіленген жағдайларда тауарларды сатудан, жұмыстарды, қызметтерді атқарудан түскен түсім (кірістер);
  • заңда тыйым салынбаған басқа да түсімдер.
  1. Қызметтің кез келген түрінен алынған кірістер жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
  2. Федерацияның мүлкі Федерацияның өзі құрған және алған немесе оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен берілген жылжымайтын, жылжымалы және өзге мүлікті қамтиды.
  3. Кәсіподақтар Федерациясының мүлкі оған жеке меншік құқығында тиесілі болады. Федерация өзіне тиесілі мүлікке қатысты заңнамаға қайшы келмейтін кез келген іс-қимылды өз қалауы бойынша жүзеге асыруға, мүлікті пайдалануға, кепілге беруге, басқаша түрде иелік етуге құқылы.
  4. Федерацияның мүлкі тек сот шешімі негізінде мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылады.
  5. Федерация кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.

67.Федерация мүлікті иелену, пайдалану және оған иелік ету нәтижесін Тексеру комиссиясының тексеру жұмысы нәтижелері негізінде жыл сайын өзінің бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялайды.

  1. Федерацияның мүшелік ұйымдары Федерацияның мүлкін пайдалануға және олардың басқаруына қатысуға құқылы.

Мүлік мәселелері мен меншікті пайдаланудың құқықтық реттеуді Федерацияның Бас Кеңесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және Федерация Съезі шешімдерінің негізінде бекітеді.

  1. Федерацияның ақшасы бекітілген смета негізінде жұмсалады және жарғылық қызметті жүзеге асыруға, республикалық, аймақтық кәсіподақ шараларын және басқа шараларды өткізуге, нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қоғамдық сараптамалық бағалау ұйымдастыруға, заңгерлік, консультациялық көмек көрсетуге, ақпараттық және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға, кәсіподақ қызметкерлері үшін жалпы әлеуметтік қорын құруға, кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуға, республикалық кәсіподақтық газет шығаруға және басқа жарғылық қызметке қайшы келмейтін іс шараларға бағытталады.
  2. Федерация қызметіне мүшелік ұйымдармен аударылатын мүшелік жарналардың көлемі Федерацияға мүшелік ұйымдарға кіретін бастауыш және локальды кәсіподақтар төлейтін мүшелік жарналардаң екі пайыздан кем болмау керек.

Атқарушы комитетпен қабылданған Федерация мен мүшелік ұйымның арасындағы келісім негізінде мүшелік жарналардың басқа көлемі бекітілу мүмкін.

 

VІІ. ФЕДЕРАЦИЯ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Федерацияның Съезінде енгізіледі. Съездер аралығындағы кезеңде Съезд арнайы ресімдеген өкілеттіктер бойынша Федерацияның Бас Кеңесі енгізуі мүмкін.

 

VІІІ. ФЕДЕРАЦИЯНЫ ТАРАТУ МЕН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ҚАЛҒАН МҮЛКІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТӘРТІБІ

  1. Федерацияның қызметі заңнамалық тәртіппен Федерация Съезінің шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
  2. Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясын тарату не қайта ұйымдастыру туралы шешімді Съезд қабылдайды. Дауыс беруге қатысқан делегаттардың кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.

Федерацияны тарату туралы шешім қабылданған жағдайда Съезд немесе Федерацияның Бас Кеңесі тарату комиссиясын тағайындайды.

Федерацияның мүлкі, барлық есептеулер жүргізіліп, несиелерді, қарыздар мен олар бойынша өсімдерді қайтарып және басқа міндетті төлемдерді өтегеннен кейін, Съезд шешімімен белгіленген мақсаттарға жұмсалады.

ІX. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Федерация заңды тұлға құқығына ие. Бұл құқықтарды заңнамада, осы Жарғыда, Съездердің, Бас Кеңес пен Атқару комитетінің шешімдерімен белгіленген шекте іс-қимыл жасайтын Съезд, Бас Кеңес, Атқару комитеті, Федерация төрағасы іске асырады.