Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына мүшелік ұйымдардағы ұжымдық-шарт компаниясының 2017 жылғы нәтижелері туралы

АҚПАРАТТЫҚ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына мүшелік ұйымдардағы ұжымдық-шарт компаниясының 2017 жылғы нәтижелері туралы

 

ҚРКФ  ұжымдық шарттары   мен келісімдер жүйесі  мыналарды қамтиды:

– Республикалық  бірлестіктер қызметкерлері, жұмыс  берушілердің республикалық бірлестіктері  және Қаақстан Республикасы Үкіметі арасындағы   2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім;
–  республикалық  деңгейде жасалған  20  салалық  келісім;
– облыстық  деңгейде жасалған, 82 салалық келісім;
– аудандық (қалалық)  деңгейде жасалған, 249 салалық келісім;
16 өңірлік  келісім;
17 833  ұжымдық шарт (оның  іс-әрекеті бір немесе бірнеше  ұйымға таратылады).

Қазіргі  уақытта қолданылып жүрген  ҚРКФ-ның ұжымдық-шарттық реттеу  жүйесі жергілікті деңгейде 17 833 ұжымдық шартты қамтиды,  оның ішінде 2 798  ұжымдық шарт  2017 жылы жасалды.

Ұжымдық  шарттардың  жалпы саны 2016 жылмен  салыстырғанда 0,68% -ға  кеміді  (2013 – 2017 жылдар  аралығындағы бес жылда  0,6%-ға кеміді).

Ұжымдық  шарттардың  абсолюттік саны біршама  кемігенімен, 2017 жылы  бастауыш  кәсіподақ ұйымдарын ұжымдық  шарттармен қамту өзгерген жоқ  және алдыңғы жылдардағыдай  деңгейде қалды (97%).   18 477  кәсіподақ  ұйымында 17 833 ұжымдық  шарт жұмыс  істейді.

Тұтастай  алғанда, ұжымдық  шарттар 1 903 634  жұмыскерлерді  қорғауға бағытталған,  оның 1 733 945-і кәсіподаққа  мүшелер.

19 салалық  кәсіподақ ұйымдарында  қамту пайызы жоғары (90% және  одан жоғары), олар: Қарулы  Күштер қызметкерлері;  тау-кен; теміржол; автомобиль,  әуе және су көлігі; денсаулық  сақтау; мәдениет, спорт және ақпарат;  Қазақстанның мүнай-газ кәсіподағы; мұнай-газ  кешені; білім және ғылым; көмір өнеркәсібі; химия,  мұнайхимия және ұқсас өнеркәсіп салалары; энергетиктер  кәсіподағы.

Мынадай   салалық кәсіподақ ұйымдарындағы  ұжымдық шарттардың саны артты: мәдениет, спорт, туризм және  ақпаратта 55-ке (5,2%), білім және ғылымда 24-ке (немесе 0,3%),  құрылыс кешендерін салу және ТҰКШ-де 55-ке (немесе 23,5%), тау-кен   саласында  40-қа (немесе  27%).

Ұжымдық  шарттар санының динамикасы және   санының төмендеу себептері.

ҚРКФ-ға  мүшелік ұйымдар ұжымдық-шарттық  науқанның нәтижелерін шығару кезінде  ұжымдық шарт санының төмендеуінің себептерін  көрсетті.

Мемлекеттік  банк, банктік  және қоғамдық қызмет  көрсету мекемелері қызметкелері   салалық кәсіподағының есебі бойынша қолданыстағы  ұжымдық шарттар санының төмендеу себебі, біріншіден, кәсіпорынды  қайта ұйымдастыру және тарату салдарынан жұмыс істеп тұрған бастауыш  кәсіподақ ұйымдары санының азаюынан болып отыр. Сондай-ақ, адамы аз бастауыш  ұйымдармен және бюджет ұйымдарында қосымша қаржы болмағандықтан, олармен ұжымдық  шарт жасау қиынырақ болады. Мысалы 2016 жылы мемлекеттік қызметте 3 044 бастауыш  кәсіподақ ұйымы болса, ал 2017 жылы тек 2 978 бастауыш кәсіподақ ұйымы ғана қалды.

2017 жылы   ұжымдық шарттардың  азаюының негізгі себептерінің  бірі ұйымдардағы (әсіресе, денсаулық  сақтау саласында) қайта ұйымдастырулар болды, сондай-ақ  бірыңғай ұжымдық шарттар жасау практикасы, байланыс саласындағы (АҚ «Қазақтелеком, АҚ «Қазпочта»),  теміржол саласындағы (АҚ «ҰК «Қазақстан Темір жолы»), тау-кен саласындағы (АҚ «Арселор Миталл Теміртау», АҚ ТҰК «Казақхром», ЖШС «Қазмырыш»).

Келіссөздер  барысында бірқатар   жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексінде көзделген кәсіподақ қызметінің кепілдіктерін  бұзды: ұжымдық шарт жасау және оның орындалуын бақылау үшін  қызметкерлердің өкілдеріне толық және сенімді ақпарат берілмеді, бастауыш  кәсіподақ ұйымдарының сайламалы органдары қызметін жүзеге асыру үшін қажетті  жағдайлар жасалмады.

Кәсіподақтардың  іс-әрекеті арқасында   жұмыс берушінің кәсіподақ ұйымдарының  ісіне араласуымен байланысты, бұрыннан қалыптасқан   көптеген бұзушылықтарды жоюға жол ашылды.

Ұжымдық  шарттардың  мазмұнына қатысты   түсінбеушіліктер негізінен,  бұрынғы жылдағыдай еңбекке ақы  төлеу және әлеуметтік кепілдіктер бойынша  туындады.

ҚРКФ-ға  мүше кейбір  ұйымдар тарапынан   жұмыс берушілердің жаңадан жасалатын және  бұрыннан қолданыста бар ұжымдық шарттарға өзгерістер  енгізу әрекеттері байқалды. Аталған іс-әрекет еңбекке  ақы төлеу деңгейін төмендетуге және жұмыс берушілердің басқа   әлеуметтік кепілдіктерден бас тартуына бағытталған. Атап айтқанда,  АҚ «Арселор Миттал Теміртауда» жұмыс беруші әлеуметтік төлемдер мен  кепілдіктер пакетін алып тастау мақсатында ұжымдық шарт жобасын өзгертуге  тырысты. Сонымен бірге, АҚ «Арселор Миттал Теміртау» басшылығы өзінің 2017 жылғы  29 тамыздағы № 835 бұйрығымен қолданыстағы ұжымшарт ережесінің бір бөлігін қолданысқа енгізген,  осыған байланысты кәсіподақтар сотқа жүгінген. Соттың 2017 жылғы 12 қыркүйектегі шешімімен «Арселор  Миттал Теміртау» АҚ-ға аталған бұйрықты қолдануға тыйым салынды.

«Арселор  Миттал Теміртау»  АҚ кәсіподақтарының күш  біріктіруінің нәтижесінде  2017 жылғы 22 қарашада жаңа  ұжымдық шартқа қол қойылды.

Жоғарыда   ұсынылған ақпараттық  жазбадан байқалғандай,  ұйымда ұжымдық шарттың болмауының  негізгі себебінің бірі бастауыш кәсіподақ  ұйымдарының өздеріне Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексімен берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланбауы  болып отыр. 2017 жылы ұжымдық шарттары жоқ бастауыш  кәсіподақ ұйымдарының саны 642 болды (бұл жалпы санның 3,47 %-ы).  Аталған деректер мына кәсіподақта орын алды: ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің  кәсіподағында (437), мемлекеттік банк, банктік және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері  қызметкерлері салалық кәсіподағында (96), мәдениет, спорт, туризм және ақпаратта (34), білім  және ғылым қызметкерлерінде (27), құрылыс кешендерін салу және ТҰКШ қызметкерлері кәсіподағында (17).

2017 жылы    1554 (8,8 %) ұжымдық шарттың  қолдану мерзімі ұзартылды. Ұжымдық шарттардың қолданысы   мемлекеттік қызметте (743), ауыл шаруашылығында (381), мәдениет, спорт, туризм және  ақпаратта (180), құрылыс кешендерін салу және ТҰКШ қызметкерлері кәсіподағында (106) және  денсаулық сақтау саласында (76) болды.

Ұжымдық  шарттардағы  ең өзекті мәселе жалақыны  индекстеу тәртібін белгілеу  болып отыр. Нақты сектордың кәсіподақ ұйымдарымен  жасалған тек қана 971 (немесе 6%) ұжымдық шартта жалақыны  индекстеу көрсетілген.

Салалық  кәсіподақтардың  ұжымдық шарттарында  аталған норма: тау-кенде 36-ға; денсаулық  сақтауда -42-ге; құрылыс кешендерін салу және ТҰКШ қызметкерлері  кәсіподағында 69-ға төмендеген.

Салалық  кәсіподақтардың  ұжымдық-шарттық науқан бойынша  есебінде ұсынылған талдама ақпараттан   ұжымдық шарттардың адам саны аз бастауыш  кәсіподақ ұйымдарында болмайтынын байқаймыз.  Ұжымдық шарттың болмауына қайта ұйымдастырудың жалғасып жатқандығы және  ұйымдағы оңтайландыру, ұжымдық-шарттық науқан мерзімінің бұзылуы, есепті кезеңде  жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жаңа ұжымдық шарт әзірленуі, ұжымдық  келссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасауға әлеуметтік әріптестер тарапынан бастаманың болмауы   себеп болып отыр.

Ұжымдық-шарттық  реттеудің әлеуметтік-еңбек  қатынастарындағы шешілмеген проблемалар  көптеген салаларға тән, олар:

-қаржы-экономикалық жағдайдың қиындығы;  бюджеттен шектеулі қаржыландыру;

– қайта  құрылымдау,  қайта ұйымдастыру  және жаңа кәсіпорындар құру  үдерісі;

– барынша шағын кәсіпорындардың акцияларын  ірі компаниялардың сатып алуы; әртүрлі өңірде орналасқан филиалдарды біріктіретін өңіраралық компаниялардың қызметі; кәсіпорындардың  жабылуы және банкротқа ұшырауы;

-жұмыс берушілердің  қарсы іс-әрекеті, ұжымдық шарт жасаудан қашу  немесе келіссөздерді ұзаққа созу, біржақты тәртіпте  олардың экономикалық дағдарысты желеу етіп, ұжымдық шарттарға өзгерістер енгізуі, шарт ережесін өз таңдауынша орындауы;

– қызметкерлердің еншілес (тәуелді) кәсіпорындарға, аутсорсер-кәсіпорындарға  ауысуына байланысты кәсіподақ мүшелерінің санын қысқарту, тиімсіз өндірістер  мен учаскелерді жабудың есебінен қызметкерлерді жұмыстан шығару; ұйымдағы кәсіподақ мүшелерінің  аз болуы;

– Тараптардың өздеріне  алған міндеттемелерін орындаудағы жауапкершілігінің төмендігі,  салалық келісімдердің, ұжымдық шарттардың жекелеген ережелерін сақтамауы;

– салалық  келісімдерді, ұжымдық шарттарды, ұжымдық-шарттық  науқан мерзімін орындау барысында ағымдағы және  нәтижелік бақылау тетіктерінің жетілдірілмегені;

-әлеуметтік  әріптестік, әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  салалық комиссиялардың қызметінің тиімсіздігі;

–  Тараптардың пікіралшақтығын реттемей-ақ, салалық  келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасаудың жекелеген жағдайларының болуы;

-қызметкерлердің  әлеуметтік салғырттығы, өзінің мүдделерін ұжымдық тұрғыда  қорғауға және бірігуге деген құлшыныстың болмауы, ұжымдық шарттың  маңызын (рөлін) бағаламаушылық, бастауыш кәсіподақ ұйымының жоқтығы, жұмыстан шығып қалуға деген қорқыныш,  ұйымдардағы жұмыс берушінің өктемдігі, білімі мен тәжірибесінің жоқтығы.

Сонымен  бірге, көптеген  кәсіпорындарда ұжымдық  шарттың болуы тұрақтылық факторы  болып табылады, себебі қол жеткен  кепілдік деңгейін және қызметкерлердің, зейнеткерлердің, жастарды әлеуметтік  қорғауды сақтауға болады. Кәсіподақтар жасалған ұжымдық шарттардың сапасына мониторинг жүргізеді, оның орындалуын  бақылайды.

Әлеуметтк  әріптестік саласындағы  жұмыстың алдағы кезеңдегі басым бағыттары  деп мыналарды атап көрсетуге болады:

– қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қорғау, еңбек құқықтары мен  кәсіптік  мүдделерін  қорғаумен байланысты  сұрақтарды құқықтық реттеуді  одан әрі жетілдіру;

-әлеуметтік кепілдіктер деңгейі  мен қызметкерлердің құқықтарын төмендетуге жол бермеу;

-ұжымдық шарт жасау  үшін шағын және нұсқалы  стандарттар әзірлеу;

– әлеуметтік-еңбек қатынастарын  шарттық реттеудің тиімділігін арттыру, соның ішінде  өңірлік, салалық келісімдерге, ұжымдық шарттардың ережелеріне уақтылы  енгізудің нәтижесінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жалақыны индекстеу  бойынша нақты міндеттемелер қабылдау, жас мамандарды әлеуметтік және әдістемелік қолдау,  біліктілік арттыруда қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша тәлімгерлер институын  дамыту, оңтайландыру және қайта ұйымдастыру барысында босаған жұмыс орындарына қызметкерлерді орналастыруға жәрдем көрсету;

– ұжымдық-шарттық реттеу және   ұжымдық шарттардың және аумақтық  келісімдердің тиімділігін бағалау жүйесін  қалыптастырудың тұрақты негізінде ұжымдық шарттарды, өңірлік, салалық  келісімдерді жасау және іске асыру, олардың тиімділігін бағалау бойынша жақсы  тәжірибені анықтау және кеңінен қолдану үшін жинақтау қажет.

Тұтастай  алғанда, қазіргі  қолданылып жүрген әлеуметтік-еңбек қатынастарын  реттеудің ұжымдық-шарттық жүйесі кәсіподаққа мүшелердің сандық деңгейін  тұрақты сақтауға көмектеседі, белгілі жағдайда кәсіподаққа мүше болуды  ынталандыруға ықпал етеді.

2017 жылғы  ұжымдық-шарттық науқанның  нәтижелерін қорытындылай келе  айтарымыз, экономиканы жаңғырту жағдайында  барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарының қолданыстағы  әлеуметтік әріптестік жүйесін сақтау, әлеуметтік-еңбек қатынастарын    ұжымдық-шарттық реттеуді жетілдіру және арттыруға бағытталған жүйелі  жұмысының арқасында, мемлекеттік билік органдарымен, кәсіпорындардың басшыларымен  және барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарымен арадағы өзара қарым-қатынастардың тұрақты  жұмыс істейтін жүйесін қамтамасыз етуге қол жетті және ұжымдық-шарттық реттеуді бұрынғы  қол жеткен деңгейде сақтап қалдық.

 

Кәсіподақ  ұйымдарында  жасалған ұжымдық  шарттар туралы 01.01.2018 жылғы жағдай  бойынша мәлімет

Атауы Барлығы
1 Кәсіподақ  ұйымдарының  саны 18 477
2 Ұжымдық шарттардың  саны, соның ішінде: 17 833
2.1 – есепті  жылы жасалған ұжымшарттардың  саны 2 798
2.2 – алдыңғы  жылдары жасалған ұжымшарттардың  саны 13 481
2.3

 

– алдыңғы  жылы қолданыста  болған және есепті  жылы жаңа мерзімге ұзартылған ұжымшарттардың  саны 1 554
3 Ұйымда  жалақыны  индекстеу тәртібі  белгіленген ұжымшарттардың  саны 971
4 Ұжымшарттар  жасалмаған кәсіподақ  ұйымдарының саны 642
5 Кәсіподақ  ұйымдары бар  ұйымдарда жұмыс  істейтін адамдардың  саны 2 026 249
6 Ұжымшарттың әрекеті  мыналарға таратылған,  барлығы: 1 903 634
6.1 – ұйымдағы  жұмыскерлерге – кәсіподақ мүшелеріне 1 733 945
6.2 – ұйымдағы  жұмыскерлерге – кәсіподаққа   мүше еместерге 123 812
6.3 – жұмыс  істемейтін  зейнеткерлерге 45 877
7 Келісімдердің   саны:
7.1 – республикалық  деңгейде жасалған, салалық 20
7.2 – облыстық  деңгейде жасалған, салалық 82
7.3 – аудандық (қалалық)  деңгейде жасалған, салалық 249