Кәсіподақ және жастар

Жастар саясаты

Кәсіподақтар федерациясы өз қызметінде кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыруға бағытталған жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады.

Кәсіподақтар федерациясының жастар саясатының мақсаты жастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, жастарға әлеуметтік және еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік білім беру саласындағы өз құқықтары туралы мәлімет беру, жастарды кәсіподақтар қатарына тарту болып табылады.

Дұрыс жастар саясаты – жастар кеңесі жүйесін құру, жастардың ұжымдық іс-әрекеттерге және ынтымақтастық акцияларына үнемі қатысуы.

Уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап бере отырып, ҚРКФ Жастар кеңесі жаңа форматта салалық және аумақтық кәсіподақтардың өкілдерінен құрылды.

Бұл Кеңес жұмыс орнындағы жағдайды тікелей бақылайды және мәселелер жиынтығын әзірлейді, сондай-ақ оны республикалық деңгейде талқылау үшін шешу жолдарын дайындайды.

Кәсіподақтың жастар құрылымына ерекше көңіл бөлінеді. 16 АКБ «Келешек» жастар кеңестері мен салалық кәсіподақтарда жастар кеңестері құрылды.

Жастар кеңестерін құру кәсіподақтардағы жастардың рөлін нығайтты және арттырды, халықаралық ұйымдармен және шетелдік кәсіподақ орталықтарымен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

Бүгінгі таңда мықты жастар құрамысыз кадрлық саясатты жетілдіру және кадрлар резервін қалыптастыру мүмкін емес. Кәсіподақ қатарын жасартуға, қазіргі резервті құруға және жастарды кәсіподақты дамыту үрдісіне қатыстыруға елеулі назар аудару қажет.

ҚРКФ талантты кәсіподақ жастарын магистратурада 4 мамандық бойынша оқыту жүйесі туралы ережені әзірледі: конфликтология, заңтану, саясаттану, әлеуметтану. Бұл кәсіподақ жастарын ынталандыруға, кадрлық резервті қалыптастыруға, жаңа кәсіптік деңгейге жетуге және кәсіподақ жастарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде кәсіподақ мүшелері арасында 35 жасқа дейінгі жастар – бұл 504 646 астам адам. Кәсіподақ қозғалысының дамуында жастар маңызды рөл атқарады.

Кәсіподақ қозғалысын жаңғырту кезеңінде кәсіподақтарды дамыту және өзгерту құралы ретінде жастар саясатына қойылатын талаптар жоғары болмақ.

2016 жылы желтоқсанда ҚРКФ Бас кеңесінде жастар саясаты туралы жаңа құжат қабылданды. Аталмыш құжат Федерация қызметінің стратегиясына сәйкес ҚРКФ Жастар кеңесімен әзірленді.

Бұл бағдарлама жастар саясатын насихаттауға, кәсіподақтардың жаңа түрлерін енгізуге және жастармен жүйелі жұмыс жасауға, барлық мүше ұйымдарды оны жүзеге асыруға жұмылдыруға бағытталған.

Бағдарлама жастар саясатының бағыттарын қалыптастыруды көздейді. Осы бөлімдер 6 бағыт бойынша әзірленген:

  1. Адам ресурстарын дамыту, білім және мониторинг
  2. Жобалық жұмыстар, фандрайзинг және инновациялық технологиялық бөлім
  3. Ақпараттық-насихаттау жұмыстары бөлімі
  4. Бұқаралық-мәдени және спорттық-сауықтыру бөлімі
  5. Кәсіподақтардың жұмысының жаңа түрлерін енгізу және жастар құрылымдарының өзара байланысы бөлімі
  6. Халықаралық байланыстар бөлімі

ҚРКФ жас көшбасшылары халықаралық іс-шараларға, оқыту курстарына белсене қатысады және алынған білімді жұмыс барысында қолданады, еліміздегі кәсіподақ қозғалысына халықаралық оң тәжірибені енгізеді.

Кәсіподақтардың жастар саясаты кәсіподақтарымызды кәсіподақ мүшелеріне көмектесуге және қорғауға қабілетті ауқымды, беделді ұйымдар ретінде сақтау жұмысы болып табылады.