Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясында «ҚР Кәсіподатар Федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы» жеке мекемесі (әрі қарай – Орталық) қызмет атқарады.

Орталық оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді, кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарына, жұмыс берушілерге және мемлекеттік органдарға экономиканың барлық салаларында және республиканың аймақтарында әлеуметтік-еңбек әріптестігі мен әлеуметтік жауапкершіліктің корпоративтік саясаты стандартын енгізуге көмектесе отырып, еңбек қатынастарындағы және әлеуметтік саладағы дауларды зерттеу және шешу қызметін атқарады.

Орталықтың қызметінде үш стратегиялық бағыт айқындалған:

  • Құзіреттілік және барлық кәсіподақ мүшелері үшін «қолжетімді оқыту» имиджін қолдау үлгісі бойынша кәсіподақ оқуын ұйымдастыру.
  • Түрлі әлеуметтік-экономикалық салаларда, елдің қоғамдық-саяси өмірінде зерттеу жүргізу және орын алған мәселелерді тиімді шешу бойынша ұсынымдарды әзірлеу.
  • Әлеуметтік-еңбек мәселелерін реттеуде медиацияны және келіссөздер жүргізу дағдыларын енгізу.

Бірінші бағыт – оқыту – әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелері бойынша оқу бағдарламаларының кең шеңберін пайдалана отырып, сондай-ақ, ұлттық және трансұлттық компаниялардың, барлық меншік түрлеріндегі ірі, кіші және орта бизнестің кәсіпорындарының қызметкерлерін, және барлық ниет білдірушілерді қайта даярлау мен біліктілігін көтеру бойынша жүзеге асырылады.

Зерттеу – әлеуметтік-еңбек қатынастарының саласында орын алған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдарды жасау үшін қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік-еңбек дауларын шешуде медиацияны енгізу үшін Орталық кәсіби медаторларды оқыту мен қайта даярлауды, жұмысшылар – кәсіподақ мүшелерін, мемлекеттік органдар және жұмысберушілер өкілдерін медиациялық құзіреттілікке және келіссөз дағдыларына оқытуды өткізеді, кәсіби медиаторлардың жеке тізілімін жүргізеді.

Орталықтың пошталық мекен жайы: 010000, Астана қ., Алматы ауданы, Абай даңғылы 38 үй, 408, 417 кеңселер

Байланыс телефондары/ факс: +7 (7172) 216163, 216167

Е-mail: kursyfprk@fprk.kz

Орталықтың сайты: http://erpcc.com.kz/