Республикалық үш жақты комиссия

Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), және мемлекеттік органдардың арасындағы еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу сұрақтары бойынша мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдарының қатысуымен тараптардың өзара әрекеттестігі формасында қамтамасыз етіледі:

– республикалық деңгейде –Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиямен;

– салалық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялармен.

– аймақтық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссиялармен.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі Республикалық үшжақты комиссияның қызметі 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде, ҚР Үкіметі өкілдері, республикалық жұмыскерлердің бірлестіктері, республикалық жұмыс берушілердің бірлестіктері, Комиссияның жұмысшы топтарының отырыстары, кеңес берулер, ұжымдық келіссөздер, негізгі әлеуметтік-еңбек қатынастары және соларға байланысты экономикалық қарым-қатынастардың негізгі бағыттары бойынша тараптардың позицияларын келісімдеу формаларында жүзеге асады.

Комиссияның дербес құрамы әр әлеуметтік әріптеспен (әлеуметтік ріптестік тараптары) өз бетінше жасақталады. Тараптар жағынан Комиссия мүшелерінің саны аталған тараптың қатысушыларының келісімімен анықталады, бірақ 7 адамнан аспауы қажет.

Комиссиядағы республикалық жұмыскерлердің бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілердің бірлестіктері өкілдерін бекіту мен алмастыру аталған бірлестіктердің шешімдеріне сәйкес жүргізіледі.

Комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерін бекіту мен алмастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу мен тараптардың мүдделерiн үйлестiру болып табылады.

Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:

1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша тараптардың көзқарастарын үйлестiру;

2) келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу, келiсу және бекiту;

3) келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу;

4) республикалық комиссия шеңберiнде халықаралық еңбек нормаларын бекiту мен қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзу және ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

Республикалық үшжақты комиссияның қызметтері болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы заңдарын қарау және олар бойынша ұсынымдар енгізу (әлеуметтік әріптестік тарапының батамасымен);

2) әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуде және қабылдауда атқарушы билік органдарына ұсыныс енгiзу;

3) біліктіліктің ұлттық шеңберін бекіту;

4) әлеуметтік-еңбек даулары және ереуілдердің алдын алу және болдырмау бойынша іс шараларды әзірлеу және келісімдеу;

5) жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін қысқартуды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды келісімдеу;

6) бас келісімді жасау және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

7) салалық жне аймақтық деңгейлерде келісімдер әзірлеуде жіне қабылдауда бақылаушылар тобын жасақтау;

8) республикалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Келісімдер

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестіктің негіз қалаушы құжаты болып, Қазақстан Республикасы Үкіметі, жұмысшылардың республикалық бірлестіктері және жұмысберушілердің республикалық бірлестіктері арасында жасалатын Бас келісім табылады. Бүгінгі күні 2014 жылдың 25 желтоқсанында жасалған 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім қолданыста.

Сонымен қатар, республика бойынша салалық деңгейде 20 салалық (тарифтік) келісімдер, облыстар деңгейінде 16 аймақтық келісімдер жасалды. Аталған келісімдер экономиканың салалары мен аймақтардағы жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек қырларын қамтиды.

Ұжымдық келісімшарттар

Кәсіптік одақтардың басты мәселелерінің бірі болып кәсіподақтардың әлеуметтік-экономикалық күресінің басты құралы болатын жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңдық мүдделерін ұжымдық шарт негізінде сенімді қорғауды қамтамасыз ету табылады.

Еңбек Кодексі бойынша еңбек шарттарында көрініс табуға тиісті заңнамалық бекітілген құқықтық нормалардан және әлеуметтік кепілдіктерден басқа, көптеген кәсіподақтар ұжымдық шартқа әлеуметтік қорғаудың қосымша нормаларының енгізілуіне қол жеткізеді. Оларға Еңбек Кодексінде, Бас, салалық және аймақтық келісімдердің ережелерінде қарастырылған ұжымдық-келісім үрдісі нормалары жатады.

Бүгінгі күндегі өркениетті еңбек қатынастарының басты назарда болатын жайт – бұл ұжымдық шарттың болуы.

Кәсіподақтар ұжымдық шарттың жобасын әзірлеудегі дайындық кезеңінің жауапкершілігі мен ауыртпалығын өздеріне алады. Бұл кезең барлық келіссөз үрдісінде, ақпараттың қомақты мөлшерін жинақтау, жоғары санатты мамандарды тарту, тиянақты сараптама және экономикалық есептеулер жасау, шарт жобасының құрылымы мен мазмұнын жасауда ең көп уақыт пен күшті талап етеді.

По состоянию на 1 января 2015 года в Казахстане заключено 62 271 коллективных договоров, таким образом охват организаций коллективными договорами составляет 34,5 % от общего количества хозяйствующих субъектов (180 550 количество действующих предприятий). В структуре действующих предприятий республики коллективные договоры имеют 84,9 % крупных, 71,9% средних, а также 23,2 % малых предприятий.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда 62 271 ұжымдық шарт жасалған, мекемелердің ұжымдық шартпен қамтылуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санының (жұмыс жасаушы кәсіпорын саны 180550) 34,5 % құрайды. Республиканың жұмыс жасаушы кәсіпорындар құрылымында 84,9 % ірі, 71,9% орташа, сондай-ақ, 23,2 % шағын кәсіпорында ұжымдық шарт жасалған.

Жасалған ұжымдық шарттардың көпшілігінде мекеменің жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету, еңбекақыны көбейту, материалдық-техникалық базаны нығайту, заңнамамен тәртіптелмеген жеңілдіктер мен жәрдемақылар ұсыну, кадрлық потециалдың сапалық деңгейін арттыру, еңбекті қорғау және жұмыскерлердің, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын нығайтуды жақсарту бойынша ұстанымдар және өзара міндеттемелер қарастырылған.