Кооперативтерді қолдауға 52 млрд теңге бөлінді

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мақсатында 52 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 млрд теңге және нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде 27 млрд. теңге қарастырылды. Қ.Айтуғановтың хабарлауынша, 30 мамырдағы жағдай бойынша 286 бірлік тіркелді, соның ішінде сүт дайындау бойынша 102, ет өндіру және дайындау бойынша 181. 20 136 бас ірі қара мал басына арналған отбасылық бордақылау алаңы мен 51 жылыжай құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлы өндірісіне 40 мыңнан астам жеке қосалқы және ұсақ фермерлік шаруашылықтар қатыстырылды. “Жалпы кооперативтерді құру бойынша жақсы динамика байқалуда. Сонымен қатар, тіркелген кооперативтердің кейбірі ұсынылатын талаптарға сәйкес келмейді, ал жеке өңірлер бойынша жалпы жұмысты күшейту қажет. Осындай кооперативтерді талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар әкімдіктерге жеткізілді және олар бойынша нақты жоспар құрастырылды”, деді Қ.Айтуғанов. Динара Бітікова,  “Егемен Қазақстан”

Толығырақ: https://egemen.kz/article/kooperativterdi-qoldaugha-52-mlrd-tenhge-boelindi