ХЕҰ-ның 106-шы сессиясы Женева қаласында өтуде

5 – 16 маусым аралығында Женева қаласында Халықаралық еңбек ұйымына (ХЕҰ) мүше-мемлекеттердің үкімет өкілдері мен әлеуметтік серіктестердің қатысуымен Халықаралық еңбек конференциясының 106-шы сессиясы өтеді.

Аталмыш шарада ҚР Кәсіподақ федерациясы атынан төраға орынбасары Мұхаммет Төлеуғазин, сонымен қатар, энергетиктердің салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Бектас және атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Қасымжан Мадиев қатысады.

Сессия аясында ХЕҰ бас директоры және Жетекші орган төрағасының баяндамасы тыңдалады, ХЕҰ Конвенциясы мен ұсыныстары қарастырылады, «Жұмысбастылық және бейбітшілік пен өмір сүруге беріктікті қамтамасыз ету мақсатында лайықты еңбек атқару: Соғыстан бейбітшілікке ауысу барысындағы жұмысбастылық туралы 1944 жылғы ұсыныстар (71)» баяндамасының стратегиялық мақсаттары, сондай-ақ, 2008 жылы қабылданған «Әділ жаһандану мақсатында әлеуметтік әділдік туралы» ХЕҰ Декаларациясы және басқа да құжаттар талқыланады.