12 маусым – Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні

Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні қарсаңында ХЕҰ бас директоры Гай Райдер мынандай мәлімдеме жасады.

«Біз бүгін, 2017 жылы Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні, жанжал мен ауыртпалық тұзағына тап болған, әсіресе, бала еңбегіне тарту қаупіне ие балалар жағдайына көңіл аударғымыз келеді.

Жанжал мен ауыртпалықтардан зардап шеккен аудандарда қиратылған үйлер мен мектептерді жиі кездестіреміз. Көптеген отбасылар өмір сүруге қажетті құрал-жабдықтардан айырылады. Отбасыларға көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік қорғаныс жүйесі бұзылу есебінен балаларды еңбекке тарту қаупі ұлғаяды. Өз отбасынан айырылып, ұзақ жол жүруге мәжбүр босқын балалар мен мигрант балалар ерекше осал және көп жағдайда адам саудасы мен бала еңбегінің құрбаны болуы мүмкін.

Дәл осындай назардан тыс қалған балалар кен шығаруда еңбек ету, металл сынықтарын жинау мен соғыстан зардап шеккен аудандарда қазба өндіру, қоқысты талдау және көшелерде қосымша табыс табу секілді бала еңбегінің ең жаман түрлеріне тартылу тұрғысында ерекше осал болады. Ең күрделі жағдайлар – балаларды қарулы құрамаларда үлкендермен қатар соғысқа қатысуға мәжбүрлейтін, қарулы жасақтар мен топтар балаларды тыңшы, тасымалдаушы және көмекші ретінде пайдаланатын немесе балаларды сексуалды қолдану мен зорлық-зомбылық құрбандары болатын жайлар.

Әр бала бала еңбегінен қорғау құқығына ие. Бірақ та, бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша 168 миллион бала бұрынғыдай жұмыс істейді, ал, олардың 85 миллионы қауіпті жұмыс түрлеріне тартылған.

Қазіргі таңда біз соңғы онжылдықта босқындардың ең ірі дағдарысына тап болдық. Жанжал мен ауыртпалыққа тап болғандарға көршілес мемлекеттерге балалар мен олардың отбасын қолдау және баспана беруде жалпыдүниежүзілік жауапкершіліктің үлкен үлесі жүктелді. Босқындарды қорғау бойынша жауапкершілікті әділ бөлу үшін, әсіресе, ересек босқындардың еңбек нарығында жұмыс табу, ал, балалардың білім алуға мүмкіндіктері болу үшін  жанжал мен ауыртпалыққа тап болған аудандарда ең үлкен жүктеме артылатын мемлекеттерге қолдау көрсету мақсатында әлі көптеген дүние жасау қажет.

2030 жылға дейін БҰҰ Тұрақты даму мақсатының 8.7 Міндетіне қолжеткізу үшін барлық мемлекеттер 2025 жылға бала еңбегінің барлық түрлерін жоюға міндеттенді. Бұл бір де бір бала кез келген қиыншылық пен жайттарға қарамастан назардан тыс қалмаған жағдайда ғана мүмкін болады. Халықаралық қауымдастық 8.7 Міндетіне ерекше көңіл бөліп келеді, дегенмен де, әлі көп дүниені жасау керек.

ХЕҰ жанжал мен ауыртпалық шарттарында бала еңбегіне тартылған балаларды қолдау үшін өз қатысушылары – үкіметтер, жұмыс беруші және қызметкерлер ұйымдары, сонымен қатар, басқа да халықаралық ұйымдар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Гаитиден бастап Мьянмаға дейін, Непалдан бастап Конго Демократиялық Республикасына дейін барлық дүние жүзі бойынша балалар бала еңбегінен босатылды және сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Жұмысқа қабылдау үшін минимал жас туралы ХЕҰ Конвенциясы (№138) мен Бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша тыйым салу және жедел шаралар туралы ХЕҰ Конвенциясы (№ 182) сәйкесінше 169 және 180 мүше мемлекеттермен бекітілді. Ертең мен Индиядан қос конвенцияның ратификациялық құжаттарын қабылдау құқығына ие боламын. Бұл қос конвенцияны жалпылай бекітуге деген ауқымды қадам дүние жүзінің барлық балалары №182 Конвенция ережелерімен қамтылатындығын, ал, №138 Конвенцияны қамту алпыс пайыздан сексен пайызға ұлғаятындығын білдіреді. Балалар құқығы туралы Конвенцияны іс жүзінде жалпылай бекітумен қатар бұл – балалар құқығын қорғаудағы біздің жалпы мақсатымыз бен бірыңғай нормамыз туралы ауқымды үндеу.

2016 жылғы қыркүйекте ХЕҰ өз серіктестерімен бірге 2030 жылға дейін Тұрақты даму күн тәртібінің 8.7 Міндетіне сәйкес нақты іс-әрекет жүргізу арқылы адамдар саудасы мен заманауи құлдық, еріксіз еңбек ету, бала еңбегін жою мақсатында жаһандық серіктестік «Альянс 8.7» программасын іске қосты. ИПЕК+ қолбасшы программа осы мәселені шешуде мүше мемлекеттер мен әлеуметтік серіктестерге қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде басқа серіктестермен бірге ХЕҰ жаңа Бала еңбегін жаһандық бағалау және Бала еңбегі туралы дүниежүзілік баяндама ұсынады. Сондай-ақ, ХЕҰ осы жылдың қараша айында VI Бала еңбегін тұрақты жою туралы дүниежүзілік конференцияға ( IV Global Conference on the Sustained Eradication of Child labour ) қатысатын Аргентинаға алғыс білдіреді және оны дайындауда белсенді қатысады.

Сонымен, дүние жүзінің қандай бөлігінде болсаңыз да, бізбен бірге Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күнін атап өтіңіз! Уақытты зая кетіруге болмайды. Бала еңбегінің барлық түрлерін жою ұмтылысын үдету бойынша барлық күш-қуатымызды жұмсайтын сәт туды».