АСТАНА-БЕЙЖИН: КӘСІПОДАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Астана қаласы Кәсіподақ орталығының шақыруымен Пекин қаласының көліктік және көлік қызметкерлері кәсіподағы төрағасы Тан Цзюнь басшылығымен Пекин кәсіподақ Федерациясының делегациясы Астана қаласына келді. Делегация құрамына қала кәсіподақтарының басшылары, өнеркәсіптік сектордың бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен мемлекеттік мекеме өкілдері кірді.

Астанадағы Кәсіподақтар үйінде Кәсіподақтар орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев пен ҚР кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Мұхаммет Төлеугазин Қазақстан кәсіподақ қозғалысы туралы, Астанада кәсіподақтардың қызметі туралы, еңбекті қорғау, әлеуметтік және экономикалық құқықтардағы кәсіподақтардың рөлі және қызметкерлердің мүдделері туралы айтып берді.

Қонақтар әлеуметтік әріптестікті барлық деңгейлерде ұйымдастыруға, еңбек заңнамасын қолдану практикасына, кәсіподақтардың өкілді және атқарушы билік органдарымен өзара әрекеттесу нысандарына, кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін шешу тәртібіне және кәсіподақ құрылымдарын ұйымдық және қаржылық тұрғыда нығайтуға қызығушылық танытты.

Пекин делегациясы «Шар құрылыс» құрылыс компаниясы, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, Жұмыспен қамту орталығы, «Шарапат» әлеуметтік бейімдеу орталығы, № 6 колледж және «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» нысандарын аралады. Қытайлық кәсіподақ жетекшілері еңбек ұжымының деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікті ұйымдастырылуымен, өндіріспен танысты, жұмысшылармен кездесіп, олардың бос уақыттағы мәдени  және өндірістік өміріне  қызығушылық танытты.