Ақтөбеде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны артуда

Кәсіподақтар федерациясының съезіндегі басты мәселе – ол бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыруға аса көңіл бөлінгендігі.

Жуырда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы «Коммунальщик» коммунальдық кәсіпорны және құрылыс материалдарын шығаратын «Силикат-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды. Бұл – қарапайым еңбек адамдарының кәсіподаққа деген үлкен сенімі. Екі ұжымда барлығы 500-ден астам адам еңбек етеді. Олар енді кәсіподаққа мүше болады.

“Кәсіподақтар федерациясының съезінде көрсетілген басты мәселе – жұмысшыларды әлеуметтік қолдау басым бағыттың бірі. Әсіресе, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне жіті назар аударылып отыр. Осы мақсатта еңбекті қорғау туралы заңнаманы жетілдіру, озық тәжірибені насихаттау, мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды дамытуға көңіл бөлінуде,” – деп нақты атап өтілген. Әсіресе, бастауыш ұйымдардың белсенділігін нығайту біз үшін үлкен мүмкіндік береді.

“Екі бірдей ұжымда бастауыш кәісподақ ұйымының құрылуы – үлкен жетістік. Қазіргі пандемиядан кейінгі дағдарыс кезеңіндегі қиындықтардан өту үшін ертеңгі күнге деген сенім мен тұрақтылықтың кепілі -кәсіподақ болмақ”, – дейді Тұрғын-үй коммунальды шаруашылық және құрылыс саласы қызметкерлері Салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының төрағасы Қуанбай Коктов.