Кәсіподақ өкілдері Президент Жолдауының басым бағыттарын бастауыш ұйымдарға жеткізуде

Жуырда Ақтөбе облысындағы әдеп жөніндегі уәкіл Р. Омарова мен Ақтөбе облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының төрайымы Н. Табылдинова облыстық мәдениет, мұрағаттар пен құжатттар басқармасы қызметкерлерімен кездесті.

Олар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауындағы басы бағыттарды,соның ішінде 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің санын 25 пайызға қысқарту мәселесі туралы жан-жақты ой бөлісті.Кәсіподақ мүшелеріне ҚР Еңбек заңнамасының талаптары,кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мемлекттік қызметшілердің әдеп қағидалары жан-жақты түсіндірілді.

Бастысы – кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығының қорғалатыны, оларға әлеуметтік қолдау жасалатыны баяндалды. Кездесуде еңбек заңнамамсының негіздері мен еңбек дауларының алдын-алуда келісімге қол жеткізу үшін келісу комиссиясының жұмысын жақсартуда, кәсіподақ белсенділігі туралы да айтылды.

Кездесу барысында мәдениет саласындағы мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауап ала алды.