Денсаулық сақтау саласының еңбек ұжымдарымен кездесу өтті

Жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының өкілдері «Жаңа-Арқа ауданының орталық ауруханасы» КМК (директоры Серік Құлмағанбетов, кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Майшин) және «Жәйрем кентінің ауруханасы» КМҚК (директоры Саят Башеков, кәсіподақ ұйымының төрағасы Дәурен Смағұлов) еңбек ұжымдарымен кездесті.

Али Абжанов пен Сұлтан Медеубаев медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінің негізгі шешімдері және кәсіподақ қозғалысының жаңа міндеттері туралы хабардар етті, сондай-ақ еңбек заңнамасының нормаларына және коронавирустық инфекциямен және вирустық пневмониямен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақылар мәселелеріне түсініктеме берді.

Денсаулық сақтау қызметкерлерін Қазақстан кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық тіледі, сондай-ақ қажырлы еңбегі үшін ризашылық сөздерін айтты және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хаттарын және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамоталарын тапсырды.