Кәсіподақ жастары ағаш көшеттерін отырғызуды ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің еріктілері «Жас Орда» қауымдастығының «Aqniet» жастар қайырымдылық ұйымының еріктілерімен бірлесіп, еңбек ұжымы «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Республикалық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін мамандандырылған «Шапағат» балалар үйінің аумағында қылқанды ағаш көшеттерін отырғызуды ұйымдастырды.

«Шапағат» балалар үйінің директоры Роза Әбілаева Қазақстан кәсіподақтары күніне орай және туған күнінде, сондай-ақ балаларды тәрбиелеудегі көп жылдық және игілікті еңбегі үшін Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. Басшы балаларды тәрбиелеу мәселелерімен, балалар үйінің тату ұжымының жетістіктерімен сүйіспеншілікпен бөлісті.

Ағаш отырғызу барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып және елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру ережелеріне сәйкес жүргізілді. Ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция – бұл біздің даңқты қаламызды көгалдандыруға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ұқыпты қарауды сақтау.

Бұл игі шараға «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалы «БІРЛІК» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Әубәкіров, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Республикалық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы орынбасарының м.а. Сұлтан Медеубаев, «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қарағанды облыстық филиалы төрағасының м. а. Ерсін Абдулманафов қатысты.