Табиғат аясында тартысты сайыс ұйымдастырылды

Өткен демалыста Қазақстан Кәсіподақтар күніне орай және биылғы «Қауіпсіздік жылын» насихаттау мақсатында Атырау мұнай құбыры басқармасы «Орал» ЖӨДС қызметкерлері табиғат аясында қауіпсіздік техникасы білігі жөнінен сайыс өткізді. 

Сайысқа «Орал» ЖӨДС өндірістік бөлімшелерінен «Үлкен Шаған» мұнай айдау станциясы, «Сахарный» мұнай қыздыру станциясы, өндірісті қамтамасыз ету базасы, автоколонна, электрхимиялық қорғаныс қондырғыларына қызмет көрсету учаскесі мен автоматтандырылған жүйені басқару учаскесі командалары қатысты. 4 түрлі байқаудан тұратын сайыс тапсырманың дұрыс орындалуы мен кесімді уақытқа белгіленді. Яғни, басты тақырып қауіпсіздік техникасының теориясы мен практикасын спортпен, қызықты ойынмен, шығармашылық тұрғыдан байланыстыру. Шарада санитарлық талаптар қатаң сақталып, қызметкерлердің қауіпсіздігі назарға алынды.

Сайысқа арнайы қатысқан Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Джулдасов қатысушыларды кәсіподақтар күнімен құттықтады. Қызметкерлердің өндірісте қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы мен адам өмірінің компания үшін ең қымбат құндылық екенін атап өтті. Биылғы «Қауіпсіздік жылы», табиғат аясында осындай қызықты да маңызды шараның әрбір қызметкердің санасында қашанда қауіпсіз жұмыс істеуге талпынысты оятарына сенім білдірді.

Еңбек қауіпсіздігін ширатудағы байқау өрт қауіпсіздігі, алқашқы медициналық көмек, компанияның «Алтын қағидаларын» меңгеру, қоршаған ортаны қорғау сияқты негізгі шарттарды орындаумен байланыстырылды.

Сайысқа қатысушылар өзара байқауда өрт сөндіру киімін жылдам киюде шапшаңдықты, «Алтын қағидаларды» меңгеруде логика мен тапқырлығын көрсетті. Алғашқы медициналық көмекте жедел қимылдау мен қауіпті жағдайда жауапкершілікті сезінуді байқатты. Жалпы күнделікті өндіріске қажетті қауіпсіздік техникасы тапқырлық пен спортты қамтыды. Қатысушылардың мүмкіндігін арнайы комиссия бағалады.

Байқаудың әрбір сатысында қатуысушылар өздерінің шығармашылық талантын, ұжыммен іске жұмылу және өзара тіл табыса әрекет етуді дәлелдеді. Әрине, ашық табиғат аясындағы ойын байқауы әрқайсысына үлкен әсер қалдырды. Сайыс соңында жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Алтынгүл Шакимова, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс өңірі жергілікті кәсіподақтарының төрайымы:

  • Мақсат, биылғы «Қауіпсіздік жылы» еңбеккерлердің қауіпсіздік техникасын санасына сіңіру, салауатты өмір салтын насихаттау. Сол кезде ғана қауіпсіздік өндірісте болсын, тұрмыстық жағдайда болсын әрқашан сақталады. Сайысқа қатысушылар бұл тұрғыда бар өнерін салды. Оралдық әріптестер еңбек қауіпсіздігін сақтауда креативті, тапқырлық пен шапшаңдықты көрсетті. Бұл шара тек осы «Қауіпсіздік жылы» аясында емес, болашақта да ұйымдастырылатын болады. Себебі, өндірісте және күнделікті тұрмыс жағдайында да еңбек қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейді.

Нұрлыбек Ғизатов,

Атырау мұнай құбыры басқармасының жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі маманы