Ақтөбеде мұнайшылар Сovid-19 алдын алу шараларын күшейтуде

Коронавирус инфекциясының жаңа толқыны кезеңінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «COVID-19. Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек үшін» акциясын іске қосты.

Аталған акция аясында Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірдегі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарындағы жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігіне үлкен көңіл аударып отыр.

Осы орайда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ұжымының басшылығы мен кәсіподағы бірлесіп, Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде еңбек ететін жұмысшылардың денсаулығын жіті қадағалап, барлық санитарлық талаптардың одан әрі күшейтілуіне күш жұмылдырып отыр. Жаңажолдағы мұнайшылар қалашығында және мұнай газ өңдеу кешенінде бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің санитарлық талаптарды қатаң сақтауда. Вахталық қалашықта ауысыммен жұмыс жасайтын жұмысшылар үшін барлық мүмкіндік жасалған.

Антисептиктермен, медициналық бетперделер мен т.б. қажетті заттармен қамтып, жұмыс орынында әлеуметтік арақашықтық сақталуына аса назар аударылады.

Ғимараттың сырты, ауласы толықтай дезинфекциялық тазартудан өткен. Жұмыс орны, кеңсе ішіндегі бөлмелер мен жатақханалар бірнеше рет дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үнемі тазартылып тұрады. Жұмысшылардың дене қызулары күнде тексеріледі. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.

«Мұндай талаптар ең алдымен жұмысшылардың денсаулығын жақсартуға бағытталып отыр. Біз өз тарапымыздан бастауыш ұйым мүшелерін қажетті қорғаныс құралдарымен үнемі қамтамасыз етіп отырамыз», – дейді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж. Күзембаев.