БҚО кәсіподақтары үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумына қатысты

Ағымдағы жылдың 16 қараша күні “Достық үйі” ғимаратында “Азаматтық қоғам және мемлекет. Диалог. Серіктістік. Даму” Батыс Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті. Аталмыш форумға Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысты.

Пленарлық отырыста БҚО әкімінің алғы сөзі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтің т.б шақырулы қонақтардың құттықтау сөздері айтылғаннан соң, Форумның екінші кезеңі секциялық отырыстармен жалғасуда.

Қазіргі уақытта аталмыш секциялық отырыстар аясында “Жайлы қалалық ортаны қалыптастыру мен аумақты дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі”, ” ҮЕҰ қаржыландыру құралдарын қайта жүктеу”, ” Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетудің қоғамдық мониторингі” тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілуде.