Ақтөбе жылу электр орталығы COVID-19 алдын алу мен еңбек қауіпсіздігі шараларын басты назарда ұстайды

Пандемияның алғашқы толқынында іске асырылған санитарлық қатаң шаралар қазірде де жалғасын тауып отыр. Стратегиялық маңызды нысанның үздіксіз жұмыс жасауына барлық жағдай жасалып, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ нда COVID-19 жұқпасының алдын алу бойынша барлық мүмкін шаралар қабылданды.

АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Жексембинов қаланы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған үлкен өндірістік стратегиялық маңызды нысанның үздіксіз жұмыс жасауына барлық жағдай жасап, жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көптеген іс-шаралар енгізді.

Бұл іс-шаралар пандемия тұсында қолға алынып, әлі де бәсеңдемей,жалғасын тауып отыр.

Құрылымдық бөлімшілердің басшылары персонал арасында медициналық бетперделерді қолдану қажеттілігі және жеке гигиенаны сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,ұдайы жұмысшылардың денсаулығына көңіл бөледі. Құрылымдық бөлімшелердің ақпараттық стендтерінде коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша жадынамалар орнатылған.

Әкімшілік-шаруашылық қызметі жұмысын күшейтіп, дезинфекциялау шараларын жиі өткізеді. Станцияның әр жұмысшысы медициналық бетперделер және резеңке қолғаптар, арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген.

Бақылау-өткізу пункті алдына дезинфекциялау тоннелі орналастырылған.Жұмысқа келушілерді медициналық қызметкерлер дене қызуын өлшеп бақылаудан өткізеді.

«Станцияның әр ғимаратында санитарлық бұрыштар орналастырылды.

Асханада тамақ ішу кезінде қарым-қатынасты шектеу үшін тамақтанатын адамдарға арналған бөлек үстелдер қарастырылды. Қаламызды жылу және электр қуатымен үздіксіз қамтып отырған іргелі маңызды кәспорында санитарлық талаптар толық сақталған. Мекеме басшылығы мен кәсіподағы әр бастауыш ұйым мүшесінің денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін басты назарда ұстайды» дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б. Жайбергенова.