«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» анықталды

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалы мен қалалық білім бөлімі бірлесіп, балабақша әдіскерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауын ұйымдастырды.

Бейнебайланыс арқылы өткізілген байқауға №45 «Арман», №3 «Балбөбек», №11 «Құлыншақ», №7 «Ясли-бақшасы», №13 «Құралай», «Қарлығаш», №15 «Айгөлек», «Аниса» балабақшаларының әдіскерлері қатысты.

Екі кезеңді қамтыған байқауда қатысушылар алдымен жасаған жұмыстарының нәтижесін электронды нұсқада ұйымдастырушыларға жолдап, бейнеролик арқылы оқу-әдістемелік тұрғыда инновациялық тәжіребиесімен бөлісті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тәрбие, оқыту үрдісін әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету және педагог қызметкерлеріне қолдау жасау мақсатында ұйымдастырылған шарада Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Н.Естібаев әдіскерлердің жұмысын жоғары бағалап, істеріне сәттілік тіледі.

Байқаудың қорытындысында І орынды № 45 «Арман» балабақшасының әдіскері С.Саметова иеленіп, қалалық кәсіподақ филиалының дипломы және бағалы сыйлығымен марапатталды. ІІ, ІІІ орынды №3 «Балбөбек» балабақшасының әдіскері Г.Серкебаева, №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай балабақшасының әдіскері Н.Әмірова еншіледі.