Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады

Елордада «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы Birgemiz» IX Азаматтық форумы өтті. Оған ҮЕҰ, әкімдік, ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, қоғам белсенділері және онлайн форматында кәсіподақ өкілдері қатысты.

Форум барысында сөз алған ҮЕҰ өкілдері жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қоғамдық мониторингті күшейту, сондай-ақ халықтың бюджетке қатысуын кеңейту т.б мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын енгізді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен өз сөзінде: «Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөль атқарады.Оларға мемлекеттік қолдау аясын кеңейту жұмыстары жалғасады.Биыл әкімдік тарапынан 34 жоба жүзеге асырылуда. Келесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру 30%-ға артады», – деп атап өтті.