Кәсіподақ медиацияны дамытуға қолдау жасайды

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласындағы дау-дамайларды шешудің тиімді жолдарына арналған кездесу ұйымдастырылды.

Медиаторлар Есенбол Әзиев пен Лаура Қуантайқызы қазіргі кезде тұрғындардың дені медиацияға жүгінетінін,оның тиімді екенін нақты атап өтті. Әсіресе ,ауылды жерлерде кәсіби медиаторлар жоқ болғандықтан, медиацияны қоғамдық медиаторлар жасайды.Ауыл шаруашылығында жер учаскелерін қолдану, т.б. арасында даулар бола қалғанда медиаторлардың міндеті екі тарапқа да ұтымды шешім шығаруға ықпал етіп, дауды сотқа қаратпай ақ тындыра алады. Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастауыш кәісподақ ұйымының төрағасы Мұқтар Әкімов кездесуге қатысушыларға Аудан мен ауылдық жерлерден штат ашудың пилоттық жобасын ашуға,оған облыстағы әр саладан 1-2 қызметкерден бекітілсе деген ұсыныс жасады.Сонымен қатар ардагер Бердіғали Айтпембетов, Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы ветеринариялық бақылау мекемесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мырзабай Кенбаев, “Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы”мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Жақыпова қатысып, өз ойларымен бөлісті.

«Мақсатымыз-бастауыш кәсіпподақ ұйымдарына медиацияны ұтымды қолдануды үйрету. Медиация бұл бітімгершілік ,татулық құралы.Кәсіподақ тарапынан мүндай шараларды жиі өткізіп, еңбек заңамасының сақталуын басты назарда ұстаймыз»,деп атап өтті шараны ұйымдастырушы ҚР ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филилалының төрағасы Т.Сұлтанғалиев.