Кәсіподақ мүшелері «Донор болу – қайырымды іс» шарасын өткізді

Ақтөбедегі Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері қан орталығымен бірлесіп, “Донор күні” қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Өз еріктерімен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қан тапсырып, донор болды. Медбике И.А.Наренова мен И.Т.Алматованың айтуынша, қан тапсыру денсаулыққа пайдалы.

Қан тапсырған адамның ағзасы тазарып, қан қысымы реттеледі. Сонымен қатар тұрақты және алғаш рет донор болғандар да бар. Адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ. «Дәрігерлермен бірге сын сәттерде адамдардың өмірін сақтап қалуда қан тапсырудың маңызы зор. Донордың берген қаны екінші бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан донор болу – әр адамның азаматтық парызы», – дейді шараға қатысушылар.