You are here

Республикалық үш жақты комиссия

Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), және мемлекеттік органдардың арасындағы еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу сұрақтары бойынша мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдарының қатысуымен тараптардың өзара әрекеттестігі формасында қамтамасыз етіледі:

– республикалық деңгейде –Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиямен; 

– салалық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялармен. 

– аймақтық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссиялармен.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі Республикалық үшжақты комиссияның қызметі 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде, ҚР Үкіметі өкілдері, республикалық жұмыскерлердің бірлестіктері, республикалық жұмыс берушілердің бірлестіктері, Комиссияның жұмысшы топтарының отырыстары, кеңес берулер, ұжымдық келіссөздер, негізгі әлеуметтік-еңбек қатынастары және соларға байланысты экономикалық қарым-қатынастардың негізгі бағыттары бойынша тараптардың позицияларын келісімдеу формаларында жүзеге асады.

Комиссияның дербес құрамы әр әлеуметтік әріптеспен (әлеуметтік ріптестік тараптары) өз бетінше жасақталады. Тараптар жағынан Комиссия мүшелерінің саны аталған тараптың қатысушыларының келісімімен анықталады, бірақ 7 адамнан аспауы қажет.

Комиссиядағы республикалық жұмыскерлердің бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілердің бірлестіктері өкілдерін бекіту мен алмастыру аталған бірлестіктердің шешімдеріне сәйкес жүргізіледі.

Комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерін бекіту мен алмастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу мен тараптардың мүдделерiн үйлестiру болып табылады.

Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:

1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша тараптардың көзқарастарын үйлестiру;

2) келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу, келiсу және бекiту;

3) келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу; 

4) республикалық комиссия шеңберiнде халықаралық еңбек нормаларын бекiту мен қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзу және ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

Республикалық үшжақты комиссияның қызметтері болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы заңдарын қарау және олар бойынша ұсынымдар енгізу (әлеуметтік әріптестік тарапының батамасымен);

2) әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуде және қабылдауда атқарушы билік органдарына ұсыныс енгiзу;

3) біліктіліктің ұлттық шеңберін бекіту;

4) әлеуметтік-еңбек даулары және ереуілдердің алдын алу және болдырмау бойынша іс шараларды әзірлеу және келісімдеу;

5) жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін қысқартуды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды келісімдеу;

6) бас келісімді жасау және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

7) салалық жне аймақтық деңгейлерде келісімдер әзірлеуде жіне қабылдауда бақылаушылар тобын жасақтау;

8) республикалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған басқа да қызметтерді жүзеге асыру.