You are here

Көші-қон

Алдын ала мәліметтер бойынша, үстіміздегі жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының халық саны 16790 адамға молайған, елден кеткендер саны – 28947 адам, көші-қон сальдосы (теріс сальдо) 12157 адамды құрады.

Қазақстанда бұрынғыша Ресей, Беларусь және Украинамен көші-қонның теріс сальдосы орын алған, ТМД-ның басқа елдерімен оң көші-қон сальдосы сақталған.

Басқа әлем елдерімен халық көші-қонының теріс сальдосы Германия, АҚШ, Канада, Израиль және Латвиямен, ал оң сальдо – Қытай, Моңғолстан, Түркия, Иран және Грузиямен туындады.

Халықтың аймақаралық көші-қонының оң сальдосы елдің басқа аймақтарының есебінен Маңғыстау, Қарағанды және Атырау облыстары, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларында орын алған.