You are here

Еңбек ақы төлеу

Халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын және қоғамның әлеуметтік беріктігін қамтамасыз ететін еңбек ақы кез келген заманауи қоғамның маңызды әлеуметтік және экономикалық санаты болып табылады.

Республикамызда соңғы 5 жылда ең төменгі еңбекақы және ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,3 есе/рет, ең төменгі зейнетақы – 1,6 есе өсті. Осы кезеңдегі орташа айлық жалақы 1,5 есеге өсті.

Еңбекақының көбеюіне және кірістің өсуіне байланысты елде кедейлік деңгейі қысқарады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар халықтың үлесі 2013 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге азайды.

Бірқатар облыстарда ( Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстары) және экономиканың кейбір салаларында (ауыл шаруашылығы, бюджеттік сала және басқалары) еңбек ақы деңгейі әлі де төмен деңгейде.

Республикамызда осы уақытқа дейін әлі де ең төменгі еңбекақы тағайындаудың және есептеудің әдістемесі жоқ.

Халықаралық комиссия қорытындысы бойынша ең төменгі деңгейдегі еңбекақы, елдегі орташа жалақының 68% тең келгенде ғана әділ болып есептеледі. Еуропа елдерінде ең төменгі еңбекақы деңгейі орташа айлық еңбекақының 30 дан 50% деңгейінде вариацияланады. Қазақстанда ең төменгі еңбекақы орташа жалақының 18% құрайды, бұл әрине нақты еңбек құнына сәйкес келмейді.

Қазақстанда 2008 жылдан бастап ерекше және аса ауыр еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмыскерлер үшін – ауыр еңбекке, зиянды (аса зиянды), қауіпті еңбек жағдайларына тартылған жұмыскерлердің ең төменгі айлық жалақысына кепілдік беретін еңбекақының ең төменгі стандарты (ЕАТС) қолданылады.

Бүгінде экономиканың 8 саласында (машина жасау, химия, мұнай-газ, құрылыс, теміржол, көмір, тау-кен, электроэнергетика) арттырушы салалық коэфиценттер бар.