You are here

Гендерлік саясат

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының еңбекші әйелдер мәселелері бойынша комиссиясы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы еңбекші әйелдердің әлеуметтік-экономикалық қорғалу, аналық пен балалықты құқықтық және әлеуметтік қорғаудың мәселелеріне ерекше назар аударады.

2006 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы және Қазақстан Республикасы Президенті жаныдағы әйелдер ісі және жанұялық-демографиялық саясат бойынша комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбекші әйелдерінің бірінші Конгресі болды.

Конгресс өткеннен кейін, Бас Кеңестің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен еңбекші әйелдер мәселелері бойынша комиссиясы құрылды, комиссия туралы ереже бекітілді, одан кейін әйелдер комиссиялары көптеген республикалық, облыстық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында пайда болды.

Кәсіподақтар Федерациясының ұсынысымен, 2005 жылдан бастап, бас келісімдерде еңбекші әйелдер және жастар мәселелеріне арнайы бөлім «Еңбекші әйелдердің және еңбек етуші жастардың құқықтар мен кепілдіктерін қамтамасыз ету» бөлімі енгізілді.

Сондай-ақ, салалық, аймақтық келісімдерге, ұжымдық шарттарға, еңбекші әйелдердің жұмыспен қамтылуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, денсаулық, кәсіби дайындығына қатысты арнайы бөлімдер қосылды.

Соның ішінде,машина жасаушы саласында салалық келісімінде 14 жасқа дейінгі балалары, бала жасынан мүгедек балалары бар аналарға ұзақтығы екі жұмыс күні болатын қосымша ақылы демалыс және осындай жұмыскерлерге қолайлы уақытта жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық келісімінде еңбекшілерді және олардың жанұяларын сауықтыру үшін жеңілдетілген бағамен санаторлық-шипажайлық емделуге жолдамалар беріледі немесе оның бағасы пайызсыз несиелермен теңгеріледі.

 «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС,  «Қазхром» ТҰК, «Қазцинк» АҚ , «Астана су арнасы» МКК мекемелерінде әлеуметтік жәрдемақылар төлеудің ауқымды жиынтығы қарастырылған (некелесуге, балалы болуға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты ата-аналарға).

Айта кету керек, келтірілген мысалдар бірегей емес. Кқптеген салалық, аймақтық, ұжымдық шарттар еңбек етуші әйелдер үшін көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімін көрсетеді.

Еңбекші әйелдердің Конгресінің қарарында ұсынылған көптеген талаптар бүгінгі күні оң шешімін тауып келеді. 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Еңбек кодексінде, әйелдер еңбегі «Әйелдер және жанұялық міндеттері бар тұлғалардың еңбегін реттеудің ерекшеліктері» жеке бөлім болып регламенттелген, сондай -ақ, «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау» тарауында кәсіподақтардың кәсіпорындардығы еңбек заңнамасын сақтауды қоғамдық бақылаудағы, еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғаудағы  заңнамалық құқықтары кеңейтілді.

 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақыны төлеуден босатылды. Ондай төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қоры жүзеге асырады, әрі жұмыс істеуші әйелдердің декреттік демалыс немесе бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіндегі зейнетақы жинақтамалары жүріп отырады.

Сонымен қатар, бала тууға жәрдемақы 15 АЕК-тен 30 АЕК көтерілді, ал 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп бала туған әйелдерге біржолғы мемлекеттік төлем 50 АЕК (70 650 теңге) болды, ал бірінші, екінші және үшінші туған балаларға біржолғы төлем 30 АЕК (42 390 теңге) құрайды.

Құрылған күннен бастап еңбекші әйелдер мәселелері бойынша комиссия көптеген бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.

Біздің кәсіподақ қызметкерлері кездеулерде, семинарлар мен конференцияларда, әйелдердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі еңбек құқықтары мәселелерін талқылай келе баяндамалар жасап келеді. ҚР Кәсіподақтар Федерациясы және комиссия лайықты еңбекпен қамтылу және әйелдердің лайықты өмірі үшін Дүниежүзілік кампаниясында «Лайыты еңбек – лайықты өмірдің негізі» іс шарасын ұйымдастыруға .атсалысады.

Жыл сайын кәсіподақ көшбасшылары Қазақстан әйелдерінің Форумына қатысса, , азаматтық Форумда, Халықаралық Кәсіподақ Конфедерациясы – Жалпыеуропалық Аймақтық Кеңесінің (ХКК –ЖЕАК) әйелдер желісінің белсенді мүшесі болып табылады.

2009 жылдың қазанынан бастап ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Барлық өмірге шешім». халықаралық жобасы бойынша жұмыс бастады. Жоба жанұя және жұмыс арасында саналы теңгерімді қолдауға бағытталған.

Жобаның аса маңызды бағыттарының қатарында мақсаттық аудитория арасында зерттеулер жүргізу, оқыту және әйеддер арасында ақпараттық-ағарту жұмыстары, әйелдер еңбегі кеңінен пайдаланылатын жерлерде кәсіподақ ұйымын құру, еңбекті қорғауға, жұмыс орынына тең қол жетімділікке қол жеткізу жатады.

01.03.2016 | Просмотров: 923
2016 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясында Халықаралық Әйелдер күніне орайластырылған семинар-тренинг өтті. Кездесуді ұйымдастырған – Ақпараттық-талдау және халықаралық жұмыстар департаменті. Семинарға...