You are here

Қазақстан кәсіподақтары екі жыл ішінде 116 мыңнан астам жаспен толықты

Орталық коммуникациялар орталығында Мемлекет басшысының «Үшінші модернизация» Жолдауы аясында кәсіподақтар үшін басымдықтардың бірі болып саналатын жаңа жұмыс орындарын құруға арналған брифинг болып өтті. 

Онлайн-технологиялар мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жас қазақстандықтарға өздерінің білімдері мен біліктіліктерін толыққанды пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов хабарлады.

«Кәсіподақтар мүшелерінің үштен бірін жастар құрайды. Барлық аймақтарда «Келешек» жастар кеңестері белсенді жұмыс атқаруда. Олар жаңа жұмыс орындарын құруға да өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, Қостанай облысында «Келешек» кәсіподақ жұмыскерлерінің балалары үшін жаңа балабақша құрды», - деп атап өтті ол.

Ә.Құсайыновтың айтуынша, тек соңғы екі жыл ішінде кәсіподақтар мүшелерінің саны 116 мыңнан астам адамға көбейді. Сондықтан да жастарды жұмыспен қамту кәсіподақтардың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.   

Атап өтер жәйт, Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған  конституциялық реформалар аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтар қатарында да реформа жүргізуді жоспарлауда. Ең бастысы мұнда басымдық кадрларды жаңартуға беріледі.  

Брифинг жұмысына Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы төрағасы Оразғали Ахметбеков пен Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Астана филиалының төрағасы Тілеулес Мадиярова қатысты. 

Соңғы жаңалықтарды білемін десеңіз