You are here

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің Ел Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан Конституциялық реформаларды қолдауға үндеуі

Қазақстан Республикасының Парламенті ел Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамашыл болған Конституциялық реформаларға бір ауыздан қолдау білдірді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитеті Конституциялық реформаларға қолдауға көретіп, қазақстандық қоғам әлеуметтік дамудың жаңа парадигмасына қадам басты деп есептейді.

Бұл реформалар қоғамның жалпы әлеуметтік оптимизміне себепкер болып, ел халқының елеулі бөлігімен қолданды.  

Қазақстанның демократиялық дамуының векторы нақтыланды деп нық сеніммен айтуға боларлықтай.

Үкіметті парламенттік көптілік негізінде құру жоспарлануда, ол тікелей атқарушы биліктің де, сайлауда жеңген партияның да жауапкершілігін елеулі түрде арттырады.

Сот билігінің тәуелсіздігі мен объективтілігін нығайту бойынша шынайы қадамдар жасалады, ол азаматтық құқықтар мен еркіндіктер заңының басымдылығы негізінде жатқан демократияның имманентті атрибуты іспеттес болмақ.  

Тарихи реформалар барысында қоғамда демократиялық институттардың әлеуметтік-құқықтық безендірілуі пайда болады деп нық сеніммен айтуға болады, ол біздің еліміздің адами ресурстарының дамуы үшін аса маңызды.

Азаматтық қоғамның барлық өкілдері үшін бұл – өз жоспарларын жүзеге асыруға, біздің еліміз үшін маңызды кезеңде әлеуметтік-саяси реформалар бағытын дамытуға тікелей араласуға қатысуға және іс жүзінде өз патриоттығын көрсетуге жаңа мүмкіндік.

Соңғы жаңалықтарды білемін десеңіз