You are here

Құрметті достар!

Сіздерді табиғаттың оянуы мен жаңаруының мерекесі – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Біздің елімізде бұл мереке халықтық мейрам болып қалыптасты, өйткені оның терең мазмұны мен философиялық мәні әр қазақстандыққа жақын.

Наурыздың негізінде бейбітшілік пен келісім, қайырымдылық пен қамқорлықтың түсініктері жатыр.    

Осы мейрамда баршаңызға жақсылық пен келісім, байлық пен молшылық, тыныштық пен жарқын болашақ тілеймін!

Біз біргеміз, біз бірге қызмет етіп, бірге болашаққа бағдар алып, баршамыз үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында аянбай қызмет етеміз.

Наурыз мейрамы бейбіт өмірге, қайырымдылық пен төзімділікке үндейді.

Наурыз біздің еліміз – Қазақстан Республикасының дамуы үшін қажетті жетістіктерге жеткізеді, осы жаңа жылда біздің барлық армандарымыз орындалып, игі істеріміз қолдау табады.

        

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы                                                                             Ә.Құсайынов

Соңғы жаңалықтарды білемін десеңіз