You are here

Рухтың ұлттық шоғырлануы - азаматтардың қоғамдық сана-сезімін жаңғырту мақсаты

2017 жылдың 27 сәуірінде Кәсіподақтар үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Шара ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Келешек» жастар кеңесі.

 «Өзгермелі әлемде туындап жатқан жаңа қауіп-қатерлер жағдайында қоғамдық сананы өзгерту - Қазақстанның дамуына негіз болып қалатын тұрақтылық, бірлік пен келісімді нығайтуға әркез мүмкіндік береді», - деп санайды дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар.

Қазақстандық қоғам әлеуметтік жаңару мен рухани прогресске бағыт алған саяси ұлтты қалыптастыру жолында тұр. Әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иелену үшін біздің әрқайсымыз өз санамызды өзгертіп, ескірген стереотиптерден арылуымыз қажет. Сондықтан да, Мемлекет басшысының мақаласында нақтыланған тезистер заңды және қазіргі таңда аса қажет болып отыр.

Әлеуметтік жаңарудың басты элементі технологиялық тұрғыда ойлаудың сапалы деңгейіне көтерілуді және заманауи қоғамның талаптарына сай келуді, әлеуметтік және рухани жаңарудың алдыңғы қатарлы әдістемелерін игеруді мақсат етумен қатар, ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтарға негізделген бай тәжірибені, сондай-ақ ұлтымыздың басқаларға ұқсамайтын басты ерекшеліктерін сақтап қалуымыз да шарт екендігін естен шығармауға тиіспіз.

«Жаңаны үйрену, білім алуға ұмтылу, кәсіби біліктілікті арттыру мен жаңашылдықтар алдындағы қорқыныштың жоқтығы – бәсекеге басымдықтың жоғары екендігін көрсетеді, біз бұны сақтап қана қоймай, әркез жетілдіріп отыруымыз қажет», - деп санайды дөңгелек үстелге қатысушылар.

Әр қазақстандықтың қоғамдық және жеке сана-сезімін жетілдіру, жаңару қажеттілігін түйсінуді дұрыс мойындауы және өзгерістерге тікелей араласуы, Қазақстанның үздік болашағын құрудың маңызды факторлары болып табылады.

Қазақстан Республикасының кәсіподақтары бағдарламалық құжаттың тарауларын сапалы түрде жүзеге асыру маңыздылығын толықтай түсініп, кәсіподақ қозғалысы мүшелері мен қоғамның түрлі санаттары арасында кешенді де ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастап кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтарды білемін десеңіз