You are here

Жеңіс күнімен құтықтау!

Құрметті кәсіподақ мүшелері!

Сіздерді Ұлы мереке – Жеңіс күнімен құтықтаймын!

72 жыл бұрын біздің аталарымыз бен әкелеріміз бағасыз ерлік жасап, соның жемісін біз осы күнге дейін пайдаланып келеміз. Олар бізге бейбіт аспан мен тәуелсіздік беріп, біздер үшін болашаққа жол ашты. Осының барлығы сол Ұлы жеңістің арқасы. Осы мамыр айының мерекелік күндерінде Сіздерден соғыс ардагерлері мен тыл қайраткерлеріне ерекше қамқор болуға шақырамын. Ұлы отан соғысының бірде-бір қаһарманы қамқорлықсыз қалмауы тиіс.    

Бүгін Қазақстанда біздің еліміздің бейбітшілігі мен берік шекарасын, халқымыздың мамыражай өмірін Отанымыздың қорғанысы – мыңдаған әскери қызметшілер қорғап отыр.

Сіздерді осы мамыр мерекелерімен құтықтаймын! Сіздерге бақыт, бейбітшілік пен ынтымақ тілеймін!

Құрметпен, Әбілғазы Құсайынов

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы   

Соңғы жаңалықтарды білемін десеңіз