You are here

Съезд

Съезд Федерацияның Бас Кеңесімен кемінде бес жылда бір рет шақырылатын Федерацияның жоғары органы болып табылады. Федерацияның кезектен тыс съездері Федерацияның Бас Кеңесімен немесе мүшелік ұйымдарының үштен бірі болатын алқалы органдардың талап етуімен шақырылады.

Съезді шақыру мен оның болжамды күн тәртібі туралы съезге екі ай қалғанға дейін хабарланады.Съезге делегаттардың өкілдік нормасын Федерацияның Бас Кеңесі белгілейді.

Кезектен тыс съездің шақырылуы туралы шешім және оның болжамды күн тәртібі туралы бір ай бұрын хабарланады.

Федерация Съезі:

– Федерация Бас Кеңесінің және Федерацияның Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептерді тыңдайды;

– Федерацияның Жарғысын, Тексеру комиссиясы туралы ережені, оларға өзгерістер мен толықтырулардыбекітеді. Съезд осы құқықты Бас Кеңеске арнайы ресімделген өкілеттілік бойынша беруге құқылы;

– Федерация қызметінің кезектегі міндеттері мен стратегиясын айқындайды;

– Федерация төрағасын, Федерацияның Тексеру комиссиясын сайлайды;

– Федерацияның Бас Кеңесінің құрамын бекітеді;

– ел өмірінің, мемлекеттік органдар қызметінің, кәсіподақтар қозғалысының аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер, қарарлар, мәлімдемелер, үндеулер қабылдайды;

– осы Жарғыны қолдану мәселелері бойынша арыз-шағымдарды қарайды;

– Федерацияны қайта ұйымдастыру, қызметін тоқтату және оны тарату туралы шешімдер қабылдайды.
 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының XXIV съезі