You are here

Бас Кеңес

Бас Кеңес ҚР Кәсіподақтар Федерациясының басшы органы болып табылады.

Бас Кеңес съезде тікелей табыстау принципі бойынша бекітіледі.

Бас Кеңестің құрамына ҚРКФ барлық мүшелік ұйымдарының басшылары, мүшелерінің саны 30 мыңнан асатын салалық кәсіптік одақтардың бір-бір өкілі, сондай-ақ, Еңбекші әйелдер мен Жастар кеңесі комиссияларының төрағалары кіреді.

Бас Кеңес қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бірақ жылына кемінде бір рет шақырылады және егер оған Бас Кеңестің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі. Бас Кеңестің шешімдері оның отырысқа қатысқан мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Федерацияның бас кеңесі:

– Федерацияның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етеді;

– съездердің шешімдері мен жарғылық міндеттерді орындау, кәсіподақтар мүшелері мен мүше ұйымдардың еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарын әзірлейді;

– өз қызметі туралы Съезд алдында есеп береді;

– Кәсіподақтар Федерациясының Мүлік және активтер басқармасының есебін тыңдайды және бекітеді;

– Федерацияға мүше ұйымдардың жарналарды аудару тәртібін белгілейді, сайланбалы кәсіподақ қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне қатысты ұсыным құжаттарды қабылдайды;

– кәсіподақтар Федерациясының меншігін иелену, пайдалану және оған иелік ету тәртібін белгілейді;

– Федерацияға мүшелік жарналар мен өзге де ақшаны есептеуге және төлеуге байланысты қаржылық есептілік көрсеткіштерін, мүше ұйымдар ұсынатын статистикалық деректер тізбесін айқындайды;

– Федерация төрағасының ұсынуы бойынша кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитетін сайлайды;

– Жарғы және Федерация органдарының шешімдерінің орындауы туралы Федерация басшыларының есептері мен мүше ұйымдардың ақпараттарын тыңдайды;

– кәсіподақтар Федерациясы төрағасы қызметіне кандидатураларды ұсыну тәртібін айқындайды;

– съездер аралығындағы кезеңде Федерация төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;

– съезде бекіту үшін Федерация Жарғысына және Тексеру комиссиясы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар жасайды;

– салалық кәсіподақтардың және аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) кәсіподақтар бірлестіктерінің Типтік Жарғысын бекітеді;

– Федерацияда есеп беру-сайлау науқанын өткізу туралы шешім қабылдайды;

– Кәсіподақтар Федерациясының рәміздерінің сипаттамасы мен эскиздерін бекітеді;

– мүше ұйымдар мен Федерация съезі табыстаған басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Кәсіподақтар Федерациясы Бас кеңесі мүшелерінің тізімі