You are here

Атқару комитеті

Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесі өзінің отырыстарының арасындағы жұмысқа басшылық жасау үшін Федерацияға мүше ұйымдардың басшылары қатарынан Атқару комитетін (бұдан әрі – Атқару комитеті) сайлайды.

Атқару комитетінің құрамына лауазымы бойынша Федерация төрағасының орынбасарлары кіреді, олардың саны Атқару комитетіндегі жалпы мүшелердің санының үштен бірінен аспауы тиіс.

Мүше ұйымның басшысы Атқару комитетінің мүшесі болуы мүмкін, ол Федерация қызметіне мүшелік жарналарды уақытылы әрі толық көлемде төлейді, Федерация органдарының шешімдерін орындайды.

Атқару комитеті Федерацияның Бас Кеңесіне есеп береді.

Атқару комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ үш айда бір реттен кем емес шақырылады.

Атқару комитетінің отырыстарына оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса ғана, Атқару комитетінің қаулы қабылдауға құқығы болады. Атқару комитетінің шешімдері, егер Жарғыда өзгеше көзделмесе, оның отырысына қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Қажет болған жағдайда Атқару Комитетінің шешімдері сұрау арқылы қабылданады. Атқару Комитеті мүшелерінің пікірлері жазбаша түрде баяндалады.

Атқару комитеті:

– Федерация Жарғысының нормалары мен талаптарын, Съездің және Бас Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

– Федерацияға жаңа мүшелерді қабылдау, мүше ұйымның одан шығарылуы мен шығуына, сондай-ақ Бас Кеңестің кейінгі бекітілген шешімімен осы шешімдердің күшін жою туралы сұрақтарды қарастырады;

– Федерацияның сайланбалы органдарының отырыстарында мүше ұйымның басшысы мен өкілдерін дауыс беру құқығынан уақытша айыру және оларды Бас Кеңестің (Атқару Комитетінің) құрамынан шығару туралы сұрақтарды шешеді.

– кәсіподақтардың жалпыреспубликалық іс-шараларын өткізеді;

– Қазақстан Республикасының Үкіметімен және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен Бас келісімнің негізгі ережелерін айқындайды;

– Үкіметтік, ведомстволық комиссияларда және жұмыс топтарындағы  Федерацияның сенімді өкілдерінің құрамын бекітеді;

– Федерацияның Бас Кеңесін шақырады, күн тәртібінің жобасын және оны өткізетін жерді белгілейді,

– Кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

– Федерация төрағасының ұсынысы бойынша Федерацияның құрылымын, штат кестесін бекітеді, құрылымдық бөлімшелер мен Федерация құрған ұйымдардың басшылығына кандидатураларды қарайды;

– кәсіподақ қызметкерлерінің және белсенді қатысушыларды мемлекеттік және басқа наградалармен наградтау туралы белгіленген тәртіппен өтініш-тілек білдіреді, кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерін кәсіподақ Федерациясының Құрмет грамоталарымен, дипломдарымен және басқа ерекшелік белгілерімен марапаттайды;

– Федерация баспа органының жұмысын ұйымдастырады, Федерация төрағасының ұсынуы бойынша баспа органының бас редакторын тағайындайды;

– Федерацияның аппараты мен кәсіподақтың аумақтық бірлестіктерінің (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) аппаратын ұстау, одақаралық және халықаралық қызметін жүргізуге арналған шығыс сметасын бекітеді;

– басқа елдердің кәсіподақ ұйымдарымен халықаралық байланысты дамытады, олардың қызмет тәжірибесін зерделейді; Федерацияның халықаралық кәсіподақ бірлестіктеріне мүшелігі туралы шешім қабылдайды;

– Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттық топтарымен, фракцияларымен өзара іс-қимыл жасайды, олармен бірлескен іс-шаралар жоспарларын белгілейді;

– Қазақстан Республикасының Үкіметімен және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен Бас келісімді, басқа келісімдерді жасасу жөнінде ұсыныстар дайындайды; олардың мазмұнының Федерацияға мүше ұйымдардың мүдделеріне сәйкес келуіне қол жеткізеді, олардың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

– комиссияларды және басқа тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын құрады, оларға өкілеттіктер береді, олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді;

– Жарғыжәне Федерация органдарының шешімдерінің орындауы туралы Федерация басшыларының есептері мен мүше ұйымдардыңақпараттарын тыңдайды;

– мүше ұйымдардың, олардың органдарының Бас Кеңестің және кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің қаулыларына қайшы келетін шешімдерінің күшін жою, іс-әрекетін тоқтата тұру туралы мүше ұйымның сайланбалы органына ұсыныстар енгізеді;

– Федерация міндеттерін шешуде мүше ұйымдарды  біріктіреді және қызметін үйлестіреді, кәсіподақтардың жалпыреспубликалық шараларын өткізеді;

– мүше ұйымдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінде мүдделеріне өкілдік етеді және қорғайды;

– бюджет және салық саясатына, еңбек қатынастарын реттеуге, жұмыспен қамтуға, жалақыға, еңбек жағдайы мен оны қорғауға, қоршаған ортаға, тұрғын үй-тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетуге, қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктерге қатысты ұсыныстар тұжырымдайды және мәселелердің заңнамада және өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітілуіне және қол жеткізеді;

– мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысады және оларды іске асыруға жәрдемдеседі;

– қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіподақтардың бұқаралық акцияларын, оның ішінде жиналыстар, митингілер, көше шерулері, демонстрациялар, тосқауылдар және басқа ұжымдық іс-қимылдар, ереуілдер өткізуге ықпал етеді;

– Федерация төрағасының ұсынуы бойынша Федерация төрағасының орынбасарлары мен кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің басшыларын сайлайды және қызметтен босатады;

– мүше ұйымдар мен кәсіподақ мүшелеріне өз қызметі туралы тұрақты түрде хабарлап отырады;

– комиссияларды және басқа тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын құрады, оларға өкілеттіктер береді, олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді;

– Федерацияға мүше ұйымдардың арасындағы дауларды шешуге жәрдемдеседі;

– кәсіподақтар Федерациясының филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы шешім қабылдайды

– Федерация мүлкіне иелік ету, пайдалану, иелену  тәртібін айқындайды;

– Федерацияда есеп беру-сайлау кампаниясын өткізу туралы шешім қабылдайды;

– Федерацияның Бас Кеңесі табыстаған басқа да функцияларды орындайды.

Кәсіподақ Федерациясы Атқару комитеті мүшелерінің тізімі