You are here

Тексеру комиссиясы

Федерацияның Тексеру комиссиясы Федерацияның өзі құрған ұйымдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне, мүшелік жарналардың және басқа ақшаның есептелуі мен түсуіне, ақшаның дұрыс жұмсалуына, кәсіподақтар Федерациясы мүлкінің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыратын бақылау-тексеру органы болып табылады.

Тексеру комиссиясы Федерацияға мүше ұйымдардың өкілдерінен Съезде сайланады, өз қызметінде Съезд бекітетін Тексеру комиссиясы туралы ережені басшылыққа алады.

Тексеру Комиссиясының төрағасы тексеру Комиссиясының отырысында көпшілік дауыспен сайланады, лауазымы бойынша Федерация съезіне делегат болып табылады, Бас Кеңестің және Атқару комитетінің жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.