You are here

Төраға

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы

1952 жылы туған. Қарағанды политехника институтын, Ресей басқару академиясын, Қазақ тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Техник-шахта құрылысшысы,  инженер-механик, саясаттанушы, заңгер.

Еңбек жолын Кузнецк металлургия комбинатында бетоншы болып бастады. «Қарағандыкөмір» комбинаты шахталарында бұрғылаушы, кенші болып жұмыс істеді.

Қарағанды облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы қызметтерді атқарды. Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қарағанды облысы бойынша төрағасы болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Экономика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі, жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың наурызынан бастап 2011 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, 2012 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысының әкімі болған.

2013 жылдың 28 қаңтарында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы болып сайланды, 2015 жылдың 10 маусымында қайта сайланды.

4 заң жобасының, 2 мемлекеттік және 1 салалық бағдарлама авторларының бірі.

Қарағанды техникалық университетінің құрметті докторы, Алматы техникалық университетінің құрметті профессоры.  «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген стандарттаушы», «Құрметті жолшы», «ТМД құрметті жолшысы» атақтары мен «Тіл жаңашары» құрмет белгісінің иегері.

ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медалдарымен марапатталған.