You are here

Төраға орынбасарлары

1976 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) халықаралық экономист мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын Банк ісі мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын «Геомет-М» ЖШС фармацевтикалық компаниясының негізін қалаудан бастады. Экономиканың түрлі салаларында басшы лауазымдарда еңбек етті. «Санаторий «Көктем» шипажайы» АҚ директорының Сапа және даму жөніндегі орынбасары болды.

«ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламаларының қатысушысы. Компаниялардағы бизнесті құру және дамыту жөніндегі түрлі семинарларда, тренингтерде дәріс оқыды.

 

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары.

1974 жылы туған. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін  бітірген. Мамандығы бойынша – құқықтанушы.

Еңбек жолын Теміртау қаласындағы  «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК-де  заңгер қызметінен бастаған.

 «БанкТұранӘлем» АҚ Қарағанды филиалында кепілді мүлік маманы, Қарағанды облысы кен-металлургия өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының заңгер-кеңесшісі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Астана филиалында заң  бөлімінің жетекші маманы,  ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің заң кеңесшісі, директоры болып қызмет еткен.

2010 жылдың маусымында ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары болып сайланды. Жастар, гендерлік саясат, халықаралық жұмыстар, шағын және орта бизнесте кәсіподақты дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.

ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің,  ҚР Адам құқығы жөніндегі Уәкілдің жанындағы Сарапшылар кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жанындағы Сарапшылар кеңесінің  мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін»  медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

 

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары - ҚР Кәсіподақ Федерациясының Ұйымдастыру, кадр жұмысы және активтер департамент директоры

Виктор Павлович Рогалев 1957 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында туды. Мәскеу қаласындағы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін,  Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетін,   Орталық Қазақстан академиясын бітірген. Мамандығы бойынша - тарихшы, саясатшы, заңгер.  

Еңбек жолын 1974 жылы «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресі құрылыс материалдары және конструкциялары  комбинатының электрослесарі ретінде бастаған. Комсомол  органдарында жұмыс істеді, оқытушылық қызметпен айналысты.  Ұзақ жылдар бойы қоғамдық-саяси жұмыстарды атқарды: «Отан» республикалық саяси партиясын құрушылардың бірі болды, партия төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып, «Қазмұнайгаз» ҰК» ЖАҚ президентінің кеңесшісі лауазымын атқарды. ҚР Жоғарғы кеңесінің, ҚР  Парламенті Мәжілісінің  IV және V шақырылымының депутаты.

Тарих ғылымының кандидаты,  доцент, ҚарМТУ-дің құрметті профессоры. Саясаттану мен халықаралық қатынастар жөніндегі ғылыми еңбектердің авторы.

2016 жылдың 28 наурызында ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

 «Құрмет» орденімен, ТМД ПАА-ның «Достастық» («Содружество») орденімен марапатталған.