You are here

Департаменттер

Виктор Павлович Рогалев 1957 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында туды. Мәскеу қаласындағы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін,  Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетін,   Орталық Қазақстан академиясын бітірген. Мамандығы бойынша - тарихшы, саясатшы, заңгер.  

Еңбек жолын 1974 жылы «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресі құрылыс материалдары және конструкциялары  комбинатының электрослесарі ретінде бастаған. Комсомол  органдарында жұмыс істеді, оқытушылық қызметпен айналысты.  Ұзақ жылдар бойы қоғамдық-саяси жұмыстарды атқарды: «Отан» республикалық саяси партиясын құрушылардың бірі болды, партия төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып, «Қазмұнайгаз» ҰК» ЖАҚ президентінің кеңесшісі лауазымын атқарды. ҚР Жоғарғы кеңесінің, ҚР  Парламенті Мәжілісінің  IV және V шақырылымының депутаты.

Тарих ғылымының кандидаты,  доцент, ҚарМТУ-дің құрметті профессоры. Саясаттану мен халықаралық қатынастар жөніндегі ғылыми еңбектердің авторы.

2016 жылдың 28 наурызында ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

 «Құрмет» орденімен, ТМД ПАА-ның «Достастық» («Содружество») орденімен марапатталған.

 

1962 жылғы 7 мамырда туған. Қазақ политехника институтын  «Машинажасау технологиясы» мамандығы бойынша, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Дипломатиялық академияны «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша  бітіріп шыққан.

Еңбек жолын Ақтөбе ферроқорытпасы зауытында токарьдың шәкірті болып бастаған. Ұсталық сығымдау құралдарын жасап шығаратын Шымкент өндірістік бірлестігінің өндірістік-оқыту шебері, инженер-конструкторы болып еңбек етті.   

Әр жылдары комсомол ұйымдарында, жергілікті атқару және өкілдікті органдарды жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасының жоғары өкілдік органдарында ұзақ жылғы,  мол еңбек тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының тұңғыш қоспалаталы Парламентін құрушылардың бірі ретінд5е қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан. Еліміздің заңнамалық базасының негізін құрайтын маңызды нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, талқылау мен қабылдау процесіне,  парламентаралық байланыстарды орнатып және нығайтуға ат салысты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Аппарат жетекшісі,  «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратыныің саяси жұмыстар департаментінің директоры болды.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Ұйымдастырушылық, кадр жұмыстары және  активтер департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істейді.

2015 жылғы қарашада Кәсіподақтар Федерациясы жүйесі ұйымдары қызметкерлерінің «Ынтымақ» жергілікті кәсіподағының төрағасы болып сайланды.

2016 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің директоры болып тағайындалды. Мүше ұйымдардың кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 

1981 жылғы 1 қыркүйекте туған.

А. С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекттік университетін, Экономика және құқық академиясын, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Мамандығы бойынша – герман тілдерінің мұғалімі, банкир, ағылшын тілінің мұғалімі (магистратура).

Еңбек жолын Батыс Қазақстан мелекеттік университетінің герман тілдері кафедрасында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып бастаған. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, «Темірбанк» АҚФ жұмыс жасаған..

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің директоры қызметін атқарған.

2014 жылғы тамызда Ақпараттық-сараптамалық және халықаралық жұмыстар департаментінің директоры болып тағайындалды. Ақпараттық-сараптамалық және халықаралық жұмыстар, жастар мен әйелдер саясаты мәселелері бойынша жетекшілік етеді.

Филология ғылымдарының магистрі.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл»  мерейтойлық медалімен марапатталды.