You are here

Халықаралық жұмыс

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының  қызметінің ажырамас бөлігі болып халықаралық кәсіподақ  ұйымдары мен бірлестіктерімен ынтымақтастық табылады. Бұл жұмысты Ақпараттық-сараптамалық және халықаралық жұмыс департаменті жүзеге асырады.

Халықаралық кәсіподақ қозғалысы шапшаң  айналым тауып келеді. Бүгінде дүние жүзі бойынша 180 миллион жұмысшы кәсіподақ мүшесі, 2018 жылы бұл сан 200 миллионға жетеді деп күтілуде.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы, ірі  қоғамдық ұйым бола отырып, дүниежүзілік кәсіподақ қозғалысына белсенді түрде қатысады. Осыған  байланысты, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының халықаралық имидждік саясат бойынша Концепциясы қабылданды.

Аталмыш концепция Кәсіподақтар Федерациясының халықаралық деңгейдегі бедел-бейнесін көтеруге, халықаралық тәжірибені енгізу, кәсіподақ қозғалысын нығайту мен дамыту арқылы жұмыс тиімділігін көтеруге бағытталған.  

ТМД және Еуропа елдерінің Халықаралық  департаментінің деректер қоры жасалған.

Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясы (ХКК), Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Жалпыға бірдей Кәсіподақтар Конфедерациясы (ЖКК), Эберт қорының жетекші мамандарымен байланыс жолға  қойылған, сондай-ақ, ТМД елдерімен ресми ынтымақтастық орнатылған. Молдова ұлттық кәсіподақтар Конфедерациясы, Өзбекстан кәсіподақтар Федерациясы, Ресей тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясымен делегаттар алмасу үнемі жүргізіледі.

Бүгінгі таңда  Кәсіподақтар  Федерациясы Қырғызыстан кәсіподақтар  Федерациясы, Өзбекстан кәсіподақтар  Федерациясы, Грузия Кәсіподақтар  Конфедерациясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

В целях развития международного сотрудничества, укрепления партнерских отношений и обмена опытом в 2014 году состоялись 4 важных встречи председателя Федерации профсоюзов Абельгази Кусаинова с Генеральным Секретарем Международной Конфедерации профсоюзов (МКП) Шаран Барроу. Основными темами стали вопросы реализации принятого Закона РК «О профессиональных союзах», модернизации профсоюзного движения в Казахстане, разрешении трудовых конфликтов. Данные встречи привели к  дальнейшему развитию сотрудничества. Стороны подчеркнули важность переговоров и выразили взаимную поддержку  в реализации принятых решений.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әріптесік қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында 2014 жылы Кәсіподақтар  Федерациясының төрағасы Әбілғазы  Құсайыновтың  Халықаралық Кәсіподақтар Конфердерациясының (ХКК) Бас Хатшысы Шэрон Барроумен  4 маңызды кездесуі өтті. Олардың негізгі  тақырыптары –  қабылданған ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының жүзеге асырылуы, Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысын жаңғырту, еңбек дауларын шешу болды. Тараптар келіссөздердің маңыздылығын және қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда өзара қолдау білдіруді баса атап өтті.

Сондай-ақ, соңғы екі  жылда Кәсіподақтар Федерациясының  төрағасы Әбілғазы Құсайынов 20-дан аса халықаралық кездесулер өткізді, соның ішінде:

Халықаралық Еңбек ұйымының сарапшыларымен кездесу (Женева, Швейцария, маусым 2013);

Әзірбайжан кәсіподақтар конфедерациясының IV съезі (Баку, Әзірбайжан,2013);

Жалпыға бірдей Кәсіподақтар Атқару комитетінің және Кеңесінің «Тәуелсіз елдердегі әлеуметтік-экономикалық  жағдай және кәсіподақтардың міндеттері туралы» мәселесі бойынша мәжілісі (Мәскеу,РФ,2013)

Халықаралық еңбек ұйымының «Жұмыс орындары, экономикалық өсу және әлеуметтік әділеттілік» ІХ Еуропалық Аймақтық конференциясы (Осло, Норвегия,2013);

«Еңбекпен қамту саласындағы ғаламдық тенденциялар және лайықты еңбек» VI-VII экономикалық форумы (Астана, Қазақстан,2013,2014);

Субаймақтық ХЕҰ/ ХКК/ ВЕРС-тың ТМД елдері үшін еңбекті қорғау бойынша , «Тиімді еңбекті қорғау жолында: белсендірек профилактика және жұмыскерлерге кеңес беру» (Астана, Қазақстан,2013);

Халықаралық Еңбек Конфедерациясының «Лайықты еңбекпен болашақты құрамыз» 102 сессиясы (Женева, Швейцария,2013);

Молдова ұлттық кәсіподақтар Конфедерациясының делегациясының Қазақстанға сапары (Астана, Қазақстан,2013);

Халықаралық  «Әлеуметтік әріптестік - тұрақты еңбек қатынастарын қамтамасыз етудің факторы» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференция (Ташкент, Өзбекстан,2013);

«Экономикалық ғаламдану және кәсіподақтар» Халықаралық форумы (Пекин, Қытай,2013);

ХКК басшылығымен кездесу (Брюссель, Бельгия, қаңтар 2014);

ХКК-ның 3-ші Дүниежүзілік Конгресі (Берлин, Германия, 2014);

Бизнесті жауапкершілікпен жүргізу бойынша Дүниежүзілік Форум (Париж, Франция, 2014);

Хорватия тәуелсіз кәсіподақтарының басшылығымен кездесу (Загреб, Хорватия,2014);

Қырғызстан кәсіподақтар федерациясына жұмыс сапары (Бішкек, Қырғызстан,2014);

Международная конференция «Социально-трудовые конфликты в РФ»

«РФ-дағы әлеуметтік-еңбек даулары» халықаралық конференциясы (Санкт-Петербург, Ресей,2014);

ЖКК Атқару комитетінің кезекті отырысы (Баку, Әзірбайжан, 2014);

Грузия Кәсіподақтар  Конфедерациясы басшылығымен кездесу (Тбилиси, Грузия,2014);

Италия Кәсіподақтарының XVI Конгресі (Рим, Италия,2014);

Австрия, Франция, Португалия, Бразилия, Венгрии, Жапония, Иордания, Испания кәсіподақ өкілдерімен 10 екі жақты кездесулер (Рим, Италия,2014);

ХКК басшылығымен кездесу (Брюссель, Бельгия, қараша 2014).

Бұл кездесулердің барысында жұмысшылардың құқығын қорғау, еңбек қауіпсіздігі, экология, кәсіподақ қызметкерлерінің  біліктілігін көтеру, туризмді, санаторлық-шипажайлық базаларды  бірлесіп дамыту ортақ  мәселелері сөз болды. Кәсіподақтар Федерациясының басқа елдердің кәсіподақтарымен қарым-қатынастары нығайтылды, еңбек тәжірибесін жергілікті жерде зерттеу, шипажайларды дамыту, кәсіподақ мүшелерін магистратура бағдарламасы бойынша оқыту бойынша делегациялар алмасу туралы келісімдер жасалды.

Сондай-ақ , делегаттар 25 астам халықаралық кәсіпорындарда болды:

ХЕҰ/АКТРАВ-тың «Халықаралық еңбек нормалары және ХҒК қатысты әділ ғаламдану мақсатындағы  әлеуметтік әріптестік туралы  ХЕҰ-ның декларациясы» оқу курсы(Турин, Италия);

Экономикалық ғаламдану және кәсіподақтар бойынша халықаралық Форум (Пекин, Қытай);

Панъеуропалық кәсіподақ кеңесінің VII жазғы мектебі (Братислава, Словакия);

ХКК/ВЕРС ХV халықаралық кәсіподақ мектебі (Таллин, Эстония);

Халықаралық Еуроазиаттық Металистер Федерациясының VІІ кезекті съезі (Стамбул,Түркия);

 «заматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың ролі: Өзбекстан тәжірибесі және еңбек саласындағы халықаралық стандарттар» конференциясы (Ташкент, Өзбекстан);

Жастар консилиумының ІІІ Форумы (2014, Кишинев, Молдова);

Көші-қон бойынша жастар конфренциясы (Баку, Әзірбайжан);

Халықаралық Еңбек Конференциясының 103-ші сессиясы (Женева, Швейцария).

Сапарлар барысында алынған білімдердің тәжірибеде табысты қолданылатын жаңашылдығы және құнттылығы аталып өтілді.

Кәсіподақтар Федрациясының халықаралық қызметінің тағы бір бағыты болып Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ) конструктивтік ынтымақтастық табылады. 2015 жылға жастардың еңбекпен қамылуы, ұжымдық келіссөздер, органайзинг және т.б. мәселелер бойынша халықаралық, субаймақтық семинарлар қарастырылған.

03.06.2016 | Просмотров: 457
2016 жылғы 18-21 мамыр аралығында Швецияның Стокгольм қаласында ХЕҰ-ның «ТМД елдеріндегі жастарды жұмыспен қамту саласындағы әріптестік» жобасын жүзеге асыру аясында ынтымақтастық желісіне мүше елдердің халықаралық конференциясы болды....
18.04.2016 | Просмотров: 402
2016 жылғы 18-29 сәуір аралығында Италияның Турин қаласында Халықаралық еңбек ұйымының Халықаралық оқыту орталығы жанындағы   Еңбекшілердің іс-әрекеті жөніндегі бағдарлама (АКТРАВ) «Жаһандық өндірістік-өткізу тізбегінде лайықты еңбекті...
14.04.2016 | Просмотров: 329
14 - 15 сәуірде Португалияның Лиссабон қаласында  Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының (ХКК) Адам құқықтары мен кәсіподақ құқықтары жөніндегі департаменті/Жалпыеуропалық өңірлік кеңес (ЖЕӨК) Фридрих Эберт қорымен бірлесіп Еуропа...
07.04.2016 | Просмотров: 443
Санкт-Петербургте  «Ресейдегі және әлемдегі әлеуметтік-еңбек даулары: оларды шешу және заңнамалық қамтамасыз ету  практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар  Федерациясы...
07.04.2016 | Просмотров: 466
5 сәуірде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) өкілдері  Лео Сибель мен Сергеюс Гловацкаспен кездесті. ҰЕҰ алда болатын сессиясы қарсаңында бірқатар жұмыс...