You are here

«Қазақстан кәсіподағы» газеті

«Қазақстан кәсіподағы» газеті – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ресми баспа органы.1989 жылдың мамырынан бастап «Голос-Әділет» атауымен шығарыла бастаған басылым, оқырмандарды елдегі кәсіподақ өмірінің маңызды жаңалықтарымен үздіксіз таныстырып келеді.

2014 жылдың 23 шілдесінен «Жаңа кәсіподақтар» атымен басылса, осы жылдың 7 қарашасынан бастап «Қазақстан кәсіподағы» жаңа атауы бекітілді.

Әр жұма сайын басылым беттерінде газет тілшілері өткен аптаның ең қызықты оқиғалары туралы жариялайды, еңбек саласындағы өзекті мәселелерді көтереді, беделді сараптамашылардың, саясаткерлердің және мемлекеттің кәсіподақ қозғалысы көшбасшыларының көзқарасымен бөліседі.

Жекелеген айдарлар оқырмандарға өзге елдердің әлеуметтік әріптестік негіздерімен кеңінен танысуға мүмкіндік береді, әлеуметтік-еңбек дауларын шешудегі халықаралық тәжірибемен таныстырады. Сондай-ақ, әр санда газет оқырманы ретінде кең таралған әртүрлі мамандықтардың иесі болып сезінуге жағдай жасайды.

Саны 5 мыңнан асатын газетке жазылушылар газеттен үнемі ең жаңа, ең өзекті, және пайдалы ақпараттарды ала отырып, редакциямен орнатылған кері байланыс арқылы өз жетістіктері мен жаңалықтарымен жедел бөлісе алады.

Номерлер мұрағаты

№ 14 (1173)
22.07.2016
№ 11 (1170)
10.06.2016
№ 3 (1162)
12.02.2016
№ 2 (1161)
29.01.2016

Pages